Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамСпорт

ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАЯУ ЖҮГІРУШІЛЕР МАРАФОНЫ ӨТТІ

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. 12-тамыз – Халықаралық  Жастар күніне орай Кеген аудандық жастар ресурстық орталығы және Кеген аудандық Бұқаралық спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Жаяу жүгірушілер” марафоны өтті. Аталған марафонға әр ауылдық округтен жалпы саны 40-қа жуық спортшы қатысты. Марафонға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр атамыз ақ батасын арнады. Жас спортшы,  Алматы облысының бірнеше дүркін жеңімпазы, Дзюдо күресінен ҚР қола жүлдегері  Кемелғожа Бауыржан жастарды аталған мерекемен құттықтап марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бөлексаз-Кеген тас жолында қыздар командасы  5 км бойынша, ұлдар командасы  7 км бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысына сәйкес ұлдар арасында І орын Ақсай ауылының спортшысы, Амангелді Нұржан, ІІ орын Қуатбек Елдар, ал, ІІІ орынға Базарымбектов Мақсат табан тіресе, ынталандыру сыйлықтарымен Сәрсенәлі Сабыржан — Ұзынбұлақ ауылдық округі, Сембай Диас – Тасашы ауылдық округі, Қожағұл Аслан-Қарқара ауылдық округі бойынша марапатталды. Ал, қыздар арасында І орын Мырзабай Нұрия – Жылысай ауылдық округі, ІІ орын Бақыт Жұлдыз – Жылысай ауылдық округі, ІІІ орын Халел Ақерке – Бөлексаз ауылдық округінен жүлделі орындардан  көрінсе, ынталандыру сыйлығына Тоқушева Эльмира, Түркінбекова Дарияна, Миятбек Күланда ие болды.

Аталған жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен  мадақтамалармен марапатталды.

Индира БІРЖАНСАЛ

Басқа жаңалықтар

Back to top button