Алматы облысында жөндеуі бітпеген 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес
Облыста 11 мектеп пен бір балақшаға күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны келесі жылы пайдалануға беріледі.
Өңірді аралап жүрген мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Талғар ауданының Белбұлақ ауылында күрделі жөндеу жүріп жатқан мектепке барды.
Білім мекемесі 1960-шы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Мұнда 600-ге тарта бала оқып келген. Құрылысы жоспар бойынша келесі жылдың наурыз айында бітуі тиіс. Бірақ мердігер мекеме осы жыл соңына дейін аяқтап береміз деп отыр. Оған дейін балалар осы елдімекендегі бұрынғы ескі мектепте оқиды.
«Бұл мектеп 60 жыл бұрын салынған мектеп болатын. Сол жылдан бері қарай ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүрмеген. Күрделі жөндеу уақытында 640 оқушы №32 мектептің ескі ғимаратында оқитын болады», – дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев.
Қала іргесіндегі білім ордаларында орын тапшылығы басты мәселе. Тіпті үш ауысымда білім беретіндері бар. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының назарында. Жол картасына көзделген жоспарларды орындау мақсатында Мәжіліс депутаты білім беру нысандарын аралады. Оқу жылына дайындықтарын тексерді.
«Былтырдан бері өңірлерді аралап келемін. Әр аймақта үшауысымды мектептердің проблемасы өңірлерде бар. Облыстағы қала іргесінде тұрған мектептердің мәселесі күн тәртібінде тұр. Әсіресе Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле ауданында бұны жеделдетіп шешу керек. Өйткені, саяжайдағы азаматтар балаларын көршілес елдімекендегі мектептерге тасып әлек», – дейді депутат Жанарбек Әшімжанов.
Мәжілісменнің айтуынша, облыс бойынша ауданның білім бөлімдері оқуға 100 пайыз дайын екендіктерін айтып жатыр. Бірақ, кейбір жерлер 2-3 айға дейін кешігетінің айтты. Жергілікті атқарушы билік сол қателіктерді шешіп дайындаймыз деп отыр.
Айта кетейік, Талғар ауданыда үш аусымды мектеп мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Жаңа оқу жылында 43 мектептің бесеуі үш аусымда оқытуды жалғастырады.
Жалпы, облыста үш ауысымды оқытатын 51 мектеп бар. Партияның Сайлау алды бағдарламасы аясында осы мәселені жою үшін бес жылда 53 жаңа мектептің сапалы және уақтылы құрылысы жоспарланған. Ал 39 білім беру нысандарында сапалы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.