Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚаратал хабарыҚоғам

КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Жуырда «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы Тасыбаев Руслан Шоғалұлының төрағалығымен Қаратал аудандық филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясы өтті.

Конференция жұмысына аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар аудандық Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде жалпы үш мәселе қаралды. Қаралған үш мәселенің біріншісі «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2021 жылдың маусымы мен 2023 жылдың тамызы аралығында атқарылған жұмысының есебі және алдағы уақыттағы міндеттері, оның ішінде Сайлауалды бағдарлама аясында өңірлік Жол картасын іске асырылуы туралы аудандық филиалының төрағасы Тасыбаев Руслан Шоғалұлы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қаратал аудандық филиалы Саяси кеңесіне жаңа мүшелердің кандидатурасы ұсынылды.

Конференция делегаттарының мақұлдауымен Қаратал аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының V конференциясына делегаттар сайланды.

Конференцияда күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button