ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАҒА ҮН ҚОСТЫ
Жуырда «AMANAT» партиясы «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық қалаулылары мен билік өкілдері азаматтардың өтініш-тілегіне үнемі құлақ түріп келеді. Аталған қоғамдық қабылдауды Ескелді аудандық мәслихат депутаты, Үміт Тортаева азаматтарды қабылдап, тұрғындардың тілек-ниетін тыңдады.
Мәселен, аудандық мәслихат депутатымен жүздескен аудан тұрғындары әлеуметтік-материалдық көмек көрсетуді өтініп, жеке басындағы мәселесін айта келді. Үміт Тортаева мұқтаж атамыздың мәселесін тыңдап материалдық көмек көрсетті.
Үміт Тортаева аудан тұрғындарын қабылдап, әлеуметтік, қоғамдық және өзгеде ортақ түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етілуіне бағыт-бағдар берді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініші негізінде қолданыстағы заң аясында толық кеңестер, түсіндірме жұмыстары беріліп, халық қалаулысы барлық мәселені зейін қойып тыңдап, тұрғындар мәселесін шешудің жолдарын ұсынды.
М. МАКСЫМ