«Отбасының цифрлық картасы» туралы
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 24-бабына сәйкес, Отбасының цифрлық картасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған, отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік саламаттылығының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік беретін талдамалық шешім.
Отбасының цифрлық картасының мәліметтері осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларына әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуі үшін негіз болып табылады.
Отбасының цифралық картасы «Smart Data Ukimet» аналитикалық жүйесімен интеграцияланған, ол жүйеде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған.
Қазіргі уақытта,Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді. Олар бала тууына, бала күтіміне байланысты, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы төлемдері.
Отбасының цифрлық картасының жұмыс алгоритмі келесі тәсілмен асырылған – мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар отбасына 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі.Хабарламада азаматтың мемлекеттік кепілдік алуы мүмкін екені жазылады. Бұдан бөлек, SMS-хабарламада азаматқа мемлекеттік кепілдікті проактивті форматта тағайындауға келісу немесе келіспеу құқығы беріледі. Егер азамат келіскен жағдайда, онда оған жәрдемақы тағайындалады, ол кейін төлем алушының шотына түседі.
Қарапайым тілмен айтсақ, отбасының цифрлық картасы —Отбасының цифрлық картасы – мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген отбасының базасы.Осыған орай, Отбасының цифрлық картасы әр азаматқа бала өмірге келгеннен бастап зейнетке шыққанға дейін қажет.
Бұл картаның пайдасы сол — жәрдемақыларды проактивті форматта, яғни көмек алушыдан өтініштің түсуін күтпей-ақ тағайындауды қарастырады. Өз кезегінде жүйенің тиімділігі азаматтардың тиісті органдарға барып, кезектерде уақытын жоғалтпай, заманауи құралдар мен тәсілдерін қолдана отырып, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу мүмкіндігі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Алматы облысы бойынша
департаментінің №1 зейнетақы және
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г. Абдулданова