#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

«AMANAT» ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІМЕН БӨЛІСТІ

22 тамызда Іле ауданы, Чапаев ауылы, Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының  XXXVI-шы есеп беру – сайлау Конференциясы өтті. Конференция жұмысына  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық  Саяси кеңесінің мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Е.Тұрымбетов,  конференция делегаттары, барлығы  214 адам қатысты.Күн тәртібіне орай,  Іле аудандық партия филиалының  төрағасы  А. Сатибаев   Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылдың 7 айында  атқарған  жұмыстары, соның ішінде  ауданда  Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Жол картасының жүзеге асырылу жағдайы туралыжәне алдағы міндеттері жайлы баяндама  жасап,  атқарылған жұмыстар сараланды, алдағы міндеттер айқындалды.

Баяндаманы талқылау бойынша  «Байсерке» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы  С. Жарқынбеков,  Алматы облыстық  Саяси  кеңесінің мүшесі, №11 орта мектеп саз пәнінің мұғалімі,  аудандық мәслихат депутаты, «Жетіген» БПҰ төрайымы  А.Мельник,  «Сағадат батыр» спорт клубының директоры,  аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Н. Орынбасаров сөз сөйлеп, аудан көлемінде атқарылған партиялық бағдарламалар мен жобалар, жұмыстардың қорытындысы  сараланып, Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жұмысына «қанағаттанарлық»  деген баға берілсін деген ұсыныс айтты. Дауыс беру нәтижесінде Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Күн тәртібіндегі келесі мәселелер  бойынша дауыс беру нәтижесінде Іле аудандық  партия филиалы Саяси Кеңесінің құрамы  және  тізім бойынша Алматы облыстық партия филиалының XXXIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына Іле аудандық партия филиалынан ұсынылған 20 делегат  сайланды. Конференция соңында  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық  Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Тұрымбетов  сөз сөйлеп, облыстағы атқарылып жатқан ауқымды істер, сонымен қатар  Іле аудандық партия филиалындағы атқарылған жұмыстар жайлы айтып, олардың қорытындысы сараланып, алдағы міндеттер жайлы тоқталды. Конференция соңынан   Іле аудандық партия ұйымы Саяси кеңесінің бірінші ашық отырысы өткізілді. Онда  ұйымдық мәселе қаралды. «AMANAT» партиясы Жарғысының  9.4  тармағына сәйкес,  Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының 9 адамнан тұратын құрамы бірауыздан  сайланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button