Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

22 тамыз күні Талғар  ауданы, Агробизнес және менеджмент колледжінде «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының XXXVІI есеп беру–сайлау Конференциясы өтті. Конференция жұмысына «AMANAT» партиясы аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, мәслихат төрағасы және депутаттар, жастар  ресурстық орталығының жетекшісі – барлығы 203  адам қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері, соның ішінде Сайлауалды бағдарламаларды іске асыру бойынша өңірлік жол карталарын іске асыру барысы туралы; «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюро құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы; «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXXІIІ Конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қарастырылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойнша  Талғар аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы Думчибаев Серік Кеңесұлының баяндамасы тыңдалды. Келесі сөз кезегі Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлына және аудандық Саяси Кеңес Бюро мүшесі, партия ардагері Умбетова Наиля Бейсенбайқызына  берілді.  Сондай ақ, аудандық мәслихатының жас депутаты Байжұма Жандостың баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында дауыс беру нәтижесінде Талғар аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша дауыс беру нәтижесінде Талғар аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің құрамы және тізім бойынша Алматы облыстық партия филиалының XXXIII есеп беру-сайлау конференциясына Талғар аудандық партия филиалынан ұсынылған 17 делегат сайланды.

Сонымен бірге сол күні мәжілісдепутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!»  Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында мониторинг  жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында аудан бойынша 3 нысан тексерілді. Бірінші болып – Талғар қаласындағы үш 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысты. «Жол картасы» бағдарламасымен жаңадан салынып жатқан үш 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысы «ШАХ құрылыс компанияы» ЖШС-гі және «Гунн Строй Сервис» ЖШС-гі, ТОО «Корпорация Астана-Стройинвест» құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін.

Бақылау барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігерге сапалы жүргізуді, сонымен қатар мүмкіндігіне қарай жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Екінші нысан «Талғар қаласында селден қорғау бөгетінен бастап № 2 алаңға дейін магистральды су таратқышты реконструкциялау және салу» ЖЖ құрылыс жұмыстары болды. Үшінші нысан ретінде Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, күрделі жөндеу жұмысына 907 млн теңге бөлінген. Мердігер компания «SHEBERBUILD» ЖШС-і.

Сонымен бірге, «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері 500-ге жуық баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етті. Жыл сайын партияның бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын мектепке даярлауға қолдау білдіру.

Игі шара партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтіп отыр. Науқанның алғашқы кезеңі Талғар ауданында басталды. Мұнда «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Билалдин Ушуров 250 балаға мектеп құралдары салынған сөмкелер мен мектеп формаларын сыйға берді.

Дәл осындай акция облыстың барлық аудандарында жалғасын тапты.

Партиялықтар жаңа оқу жылына дейін мұндай шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған мәслихаттардағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшелері атсалысуда.

«Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл қайырымдылық іс-шарасы Республика бойынша өтіп жатыр. Мәселен, төрт күн ішінде фракция мүшелері 19 млн теңгеден аса соммаға 500-ден аса баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 мың оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Бесағаш ауылдық округтық филиалында облыстық мәслихаттың депутаты Ушуров Билалдин қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасының аясында біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Қабылдауға жазылған тұрғынға заң аясында кеңестер берілді. Әлеуметтік көмек мәселелері бойынша көмектер беретінін айтты. Өтініш оң шешімін тапты.

Тұрғын тарапынан «AMANAT» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына өз ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button