ЖІБЕК — ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
Алматы облысының тумасы 16 жастағы Жібек Құлымбетова Астанада өткен «Ju-Jitsu Youth World Championship Astana 2023» жарысында топ жарып, алтын медаль иеленді. Осылайша, спортшы джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды. «Джиу-джитсудан әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Өз елімнің алдында өнер көрсету оңай болмады. Қатты қобалжығаным рас. Алтын иеленіп, маған сенген жұртымның үмітін ақтағаныма қуанып отырмын, мен 9 жасымнан бастап джиу-джитсумен айналысамын. Мені әрқашан жеке жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаров. Ол мені әрқашан қолдау көрсетіп, үлкен турнирлерге жолдады. Жаттықтырушым тығыз жұмыс кестесіне байланысты чемпионатқа қатыса алмады. Мен тағы да әлем чемпионы атандым. Өте қуаныштымын. Бұл әлем чемпионатына үлкен дайындықпен келдім. Оған өте ризамын. Мен оның қолдауын сезіндім», — деді жеңістен кейін Жібек Құлымбетова. Жібек, Қазақстанның спорт шебері, Б. Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі мен «Дара бала» медалінің иегері. Талай халықаралық додалардың жеңімпазы.
Жібек Құлымбетова – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Сонымен қатар грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.
Б. ШОЙБАСОВ