Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылымБоралдай кентіҚоғамМерекелер

ІЛЕ АУДАНЫНДА ҮШ ЖАҢА МЕКТЕП ҚОЛДАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

Боралдай кентінде 1500 орынды жаңа мектеп ашылды. Заманауи үлгіде салынған №54 орта мектебінің жаңа ғимараты ауылдың ажары болып тұр, ауылдың 1300-ге тарта оқушысының қуаныштарында шек жоқ.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына тұрғындар көп жиналды. Боралдайлық көзкөрген қарттар Кеңес үкіметі тұсында бұл жерде қант зауыты дүркіреп тұрғанын еске алысып, тоқыраудан кейін тозығы жетіп, бос жатқан жерге жаңа мектептің салынуын бір ауыздан қолдаған. Мектептің ашылуына арнайы келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым жаңа мектептің ашылумен және «1 қыркүйек – Білім күнімен» тұрғындар мен мектеп ұжымын құттықтады. Ол өз сөзінде «Заманауи білім алу үшін шәкірттерге қолайлы мектеп қажет. Біз өз тарапымыздан балалардың замана ағымымымен тең дәрежеде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа ғимаратқа қол жеткіздік. Облысымызда алдағы уақытта жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында 53 орта мектеп салыну жоспарланса, 26 мектеп ағымдағы жылы салынады. Бүгінде 7 мектептің құрылысы басталып, 12 мектептің жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Тағы 7 мектептің конкурстық рәсімі өтуде. Облысымыздағы білім саласындағы басты мәселеміз үш ауысымдық оқу үдерісін болдырмау мақсатында 16 мектептің құрылысы бітіп, аталған мектептердің 9-ы бүгін қолданысқа берілді. Соның бірі – осы лентасын қиғалы отырған 1500 орынды №54 орта мектеп. Жаңа мектептің ашылуы 97 сынып комплектісімен 2177 баланы үш ауысымда оқытып жүрген Боралдай кентіндегі №17 орта мектептің мәселесін шешіп отыр. Жаңа мектепке бірден 1500 оқушы қабылданып, 52 сынып ашылды. Оның ішінде 160 шәкірт бірінші сыныпқа барса, 11 сынып үш сынып болып комлектіленді. Осы мектептің құрылысының басы-қасында жүріп, еңбек еткен «BI Global» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысымды білдіремін» — деді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания ««BI Global»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты өкілі  – Арафат Карашев мектептің кілтін мектеп директоры Гүлжан Ерубаеваға табыс етіп:  Жаңа оқу жылы бастала салысымен Алматы облысында жаңа мектептер бой көтеріп, ел  игілігіне беріліп жатыр. Міне, енді  ауданымызда да тағы бір жаңа мектеп бой көтеріп, тұрғындар игілігіне ұсынып отырмыз. 2023 жылдың өзінде біздің компания Іле ауданы бойынша 3 мектеп салды. Енді мұғалімге де, оқушыға да екі есе міндет жүктеледі. Барлық жабдығы әзір жаңа мектепте неге жақсы оқымасқа?» – деп шынайы разылығын білдірді.

Аудан әкімі Б.Қарасаев: «Биыл ҰБТ кезінде облыс бойынша бірінші орынға шығып отырмыз. Бірақ біз осымен тоқталып қалмай, бұдан да жоғары талаптар қоюымыз керек. Осы себепті жаңа мектептер салып, барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Жаңа мектептің құрылысына республикалық бюджеттен бес жарым млрд теңге жұмсалған. Үш қабатты мектеп ғимаратында 60 оқу кабинеті, 6 зертханалық (физика, биология, химия), 2-информатика, 6-лингафон, 2-мультимедиялық, 1 тігін, 5 шеберхана, 2 алғашқы әскери дайындық кабинеттері, 2 спортзал, 2 стадион, 2 жаттығу алаңы  бар. Сонымен қатар, 270 орынды асхана,   1 кітапхана бар, ойын бөлмесі – 2. Медициналық кабинеті оқушылардың денсаулығын тексеруге және комплексті емделуге арналған медициналық құралдармен жабдықталған.  

–   Жалпы  мектеп бойынша 75 интербелсенді тақта:   барлық оқу кабинеттерінде  орнатылған. 174 компьютер іске және интернетке қосылған. Сыртқы  мектеп алаңы   шаруашылық, спорттық, оқу-тәжірибелік және отырып демалатын бөліктерге бөлінген. Ауласы қоршалып, спорттық алаңдар салынған. Барлығы балаларымыздың дұрыс білім алуы үшін жасалған. Біздің ауданда 1 қыркүйек күні осымен 3 жаңа мектеп  қолданысқа беріліп жатыр. Олар Ащыбұлақ округі Көкқайнар ауылы, Междуреченскі ауылдық  округі Шабыт ауылы және осы Боралдай кентінде берілуде.  Жалпы алғанда 4500 баланы мектептен қамтып отырмыз. Бірақ, бұл цифрымыз артпаса кемімейді. Өйткені, біздің ауданға деген миграциялық толқын жылдан жылға артуда» — деді.

– Боралдай округінде жүзеге асып жатқан игі істер аз емес. Ауылымыздың ажарын айшықтайтын жаңа мектептің Білім күні мерекесі қарсаңында ашылғаны – осыған дәлел. Мектеп оқушылардың білім алуына қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Енді осы мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушыларға дұрыс білім беруіміз керек, — дейді Боралдай кенті №54 орта мектебінің биология пәнінің ұстазы Лаура Ускенбаева.

Ал зейнеткер, ауыл белсендісі Іле ауданының Құрметті азаматы Мархаба Қаламбаева ауылда бұрын-соңды мұндай мектепті көрмегенін айтып, қуанып тұрды. 30 жыл бұрын жазылған газетпен бірге естелік картинаны мектептің көрмесіне сыйға тартты.

Айта кетейік, үш ауысымдық мектеп саны әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. Ауданда адам саны көбейген. Іле ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылында жалпы 66649 оқушымен аяқтады. Жаңа оқу жылында да бала саны артқан.  Оның ішінде 1 сынып – 7782 болса, 9 сынып –  5687, 11 сыныпты 2241 түлек тәмамдады.

Биыл 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа – 7048 бала қабылданып отыр. Оның 5538 қазақ сыныбына және 1510 орыс сыныбына қабылданған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button