Без рубрики

АУДАН ӘКІМІ ЖАС ШАБАНДОЗДЫ ҚАНАТТАНДЫРДЫ

Жақында аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы жылқының құлағында ойнайтын 9 жасар Хамза Марланұлын және Жұмыртұяқ тұлпардың иесі Марат Ақылбайұлын қабылдап, жеңісітерімен құттықтады.

Хамза Марланұлы жуырда Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылында көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойында 31-шақырымды «Аламан-бәйгеде» топ жарды.

Хамза – не бәрі 9 жаста болса да, жылқының қыр-сырын жақсы меңгерген бала. Атшабар ретінде баптаған Жұмыртұяқ атты жүйрігімен бас жүлде «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігін жеңіп алды.

Аудан әкімі Елдос Ахметов жас шабандоз Хамза Марланұлына алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, Марат Ақылбайұлына шапан жабып, ұлттық ат спортын дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button