Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғамСпорт

Футбол бәріне ортақ

 2023 жылдың 15 қыркүйек күні Өтеген батыр ауылында орналасқан орталық стадион алаңында әлеуметтік тапсырыс аясында «Жетысу мұрагер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен пробация есебінде тұрған  азаматтар арасында «Жаңа өмір – жаңа бағыт бағдар» атты шағын футболдан аудандық жарысы ұйымдастырылды.

 Жарысқа аудан аға прокуроры Шукеева Динара Абдивалиевна, Іле аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығының орынбасары, әділет майоры Қанатбаева Жұлдыз Акылбекқызы  «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Нурәлі Әлішер Әлімұлы,  «Спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Рахымжан Бақытжан Көкенұлы қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарыстың басты  мақсаты пробация есебінде тұрған азаматтарды спортқа тарту, ауданда футбол спорт ойынын дамытып жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ойынға аудан округтерінен командалар қатысты. Жалпы ойын қорытындысы келесідей болып айқындалды, 1 орынды «Қараой» командасы – жүлде қоры 20000 теңге,  2 орынды «Өтеген батыр» командасы – жүлде қоры 10000 теңге, және 3 орынды «Ащыбұлақ» командасы – жүлде қоры 5000 теңге.

Сонымен қатар «Үздік қақпашы» номинациясын – Нагуланов Азамат, «Үздік қорғаушы» номинациясын – Таженов Азамат, «Үздік шабуылшы» номинациясын – Мырзатаев Куаныш, «Үздік ойыншы» номинациясын – Югай Данил иеленсе, Макбай Төлеген белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button