БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНЕН АРТЫҚ ЕШҚАНДАЙ БАҒА ЖОҚ
«Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнен артық ешқандай баға жоқ»,- деген Президентіміздің сөзі әрбір қазақстандық азаматтың жүрегінде еліміздегі тұрақтылық, болашаққа деген сенімділік пен көркейіп келе жатқан мемлекеті үшін мақтаныш сезімін тудырады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.
Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көпұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады.
Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін өз дамуының сарабдал саясатын таңдады.
Осы саясатты жүзеге асыру барысында 13 қыркүйекте Талғар аудандық кітапханасында «Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі» атты республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтті.
Шараға – ҚР халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Ассамблея жастарының төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович, «Жас Сарбаз» ұйымының төрағасы, майор Мендыгалиев Меирбек Оразович, полиция полковнигі, Қазақстан күрд ассоцияциясы төрағасының орынбасары Ибрагимов Агали Ниязович Қазақстан күрд ассоцияциясы төрағасының орынбасары, экс депутат Набиев Вакиль Гусейнович Қазақстан Республикасының «Ахыска» түрік мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ахметов Расул Сурмалиевич қатысты.
Облыстық «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы Тәнирбергенова Айымжан Карипжановна алғы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып, қонақтармен таныстырды.
Дөңгелек үстелде Қазақстан секілді көпұлтты мемлекетте ұлтаралық келісімді нығайту бағытында жүргізіліп жатқан реформалардың жемісі мен тұрақты дамуы туралы сөз болды. Өз сөздерінде қонақтар жастарға жасалып отырған мүмкіндіктермен таныстырып, бейбітшілікті қадірлей білуге шақырды.
Қатысушы этнос өкілдері, жастар ойларын айтып, сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Көпэтносты Қазақстан үшін алдағы уақыттағы ең басты мақсат елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтай отырып, тәуелсіздікті нығайту. Ол үшін ең бірінші мемлекеттің ішкі тұтастығы мен бірлігі, саяси тұрақтылық. Бұған қол жеткізу үшін елімізде өмір сүріп отырған барлық ұлттар мен этностардың құқықтық, теңдігін сақтау арқылы іске асыруға болады. Этностық теңдігін сақта – Қазақ халқының мемлекет құраушы рөлін нығайта отырып маңайына тәуелсіздік идеясымен бірегейлендіру. Осыны бағдарға алар болсақ, этносаралық араздық пен қайшылықтарға жол бермей, қоғамды жіктелуден сақтауға болады. Елдегі этносаралық проблемаларды болдырмау немесе алдын алуда, этностық топтардың құқығын қорғау, этностық дамуды қамтамасыз ету қажет. Этносаралық қарым-қатынастар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 30 жылдық дамуына зер салсақ, елімізде ксенефобиялық көзқарастардың болмағандығын көреміз. Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біз төзімді қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға ерекше мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз жөн. Енді алдағы уақытта осы этникалық және діни әртүрлілікті сақтап қалу ғана емес, оны кейінгі ұрпаққа табыстаудың да маңызды екендігін түсінеміз.
Акан АКЫЛОВ