ЖОЛДАУ ЖАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жыл сайын елімізде Президенттің кезекті жаңа Жолдаулары жолданылатыны белгілі. Айта кетсек, жолданған Жолдаудың басты мақсаты – бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, өткенімізге сараптама жасап, бүгін біз атқару керек істердің басын ашып, болашағымызға бағдар жасаймыз. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның сан түрлі бағыты мен бағдары көп. Президенттің жолданған жолдауын ел боп талқылау, мемлекет басшысының халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының бір көрінісі іспеттес дер едім. Халық арасында жолдау арқылы еліміздің сыртқы және ішкі экономикалық-саяи көзқарастарынан, сонымен қатар елдің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінен елге ақпар беріледі. «Жолдау» сөзінің түбірі «жол», яғни жол сілтеу деген мағынада екенін ескерсек, президентіміз әр жыл сайын жасаған жолдауы арқылы болашаққа деген жоспарларын өз халқымен сырласуы, ақылдасуы деген сөз.
Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату дегенді естен шығармайтын президентіміз жаңғыру мен жаңару табалдырығында тұрған Қазақ елінің келешегіне арнаған кезекті жолдауын қыркүйек айының 1 жұлдызы күні жасағанын бәріміз көгілдір экраннан көзбен көрдік, құлақпен естідік. Мәні мен маңызын түсініп, санамызда іріктеу үшін ел боп талқылаудамыз жолдауды.
Аталарымыз кезінде «Жақсылықтың жаршысы болу – сауапты іс» демекші жуырда жас кәсіпкер «AMANAT» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатына сайланған депутаты Бекет Бласов Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласындағы «Жайлау» комуналдық базарына арнайы барып Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауының маңызы мен мақсатын алғашқылардың бірі болып базар ұжымына кездесу өткізіп насихат жасады.
– Биылғы Жолдау мемлекетіміздің сан алуан саласын қамтыған, өзіндік жолы айқын, әр қадамы нық, нақты жоспары бар, ел экономикасының мүмкіндіктерінің тамырын талдап халықтың мұң-мұқтажы мен сұранысын ескеріп, су ресурсы, цифрландыру ісі, халықтың әлеуметтік жағдайы мәселелеріне басымдық беріп, еліміздегі креативті экономиканың жан жақты дамуына барлық жағдай жасалды. Сонымен қатар мемлекеттік басқару ісін жаңғырту бойынша президенттің бастамасымен 2021 жылдан бастап қолға алынған аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлау демократиялық үрдісінің келесі маңызды қадамы аудан облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлау кезеңіне өтуі, — деді Бекет Жайлаубекұлы.
М. МАКСЫМ