Қарабұлақ ауылындағы балаларға арналған ойын алаңдарының кауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді
Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Дюсенбинов Айдын Қасымұлы, Чукенов Серік Булатбекұлы және Құрманғали Айдын Талғатұлы мен Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Мырзагалиева Жұлдыз Мырзакерімқызы мобильді топ өкілдері балаларға арналған ойын алаңдарының кауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау мақсатында Қарабұлақ ауылындағы ойын алаңдарына мониторинг жүргізді.
Мұндағы мақсат – спорттық снарядтар мен дене шынықтыру жабдықтарын пайдалану кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тексеру барысында мониторинг тобы бірқатар кемшіліктерді анықтап, ескертулер жасады. Сондай-ақ, оны жою бойынша ұсыныс-пікірлер қалдырды.
М. МАКСЫМ