Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

САҚ БОЛЫҢЫЗ АТА-АНА!

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себетерінің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Кішкентай балаларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады. Оқыс оқиғаға көбіне ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Себебі, көп жағдайда ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді. Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін. Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!

Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар! Терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтауымыз керек? Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар. Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Олар құлап баражатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды. Алайда, балалар осы тормен бірге құлап кетеді. Мүмкіндік болса терезенің астыңғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз. Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз. Егерде сіз балаңызға терезеден бірдеңелерді көрсеткен болсаңыз, балаңызды қатты ұстап, қимыл-қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс өрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз. Егер де сіздің дәл қазір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап, жоғары жаққа қойыңыз. Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс. Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата-аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!

Қ. Әшімов,

аудандық ТЖБ инженері

Басқа жаңалықтар

Back to top button