Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бағзыдан халқымыз қашаннан бері қарияларды құрметтеп, қадірін парықтай алған. Айтқандары бір елге мұра болар, болашақты болжаған ғұламалар да – осы қариялар. Алаштағы айтулы ақын М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» деуінде де терең бір сырдың қайнары жатса керек. Не керек, қарты бар елдің қазынасы сарқылмақ емес. Қазақ үшін қай заманнан бері құрметтің де, сый-сияпаттың да қомақтысы – кешегі ата-ана, бүгінгі қарияларға арналған. Ел ішінде ертеден келе жатқан үлкенді сыйлау үрдісінің бұзылмай бүгінге жеткені дәстүр сабақтастығы емей не?! Оның өзі – осы қарапайым қарттардан қалған жоралғы. Қарияларды құрметтеу – атадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда Қарттар күні мерекесі елімізде кең көлемде аталып өтіледі. Жуырда аудан әкімі Елдос Ахметов аудандағы құрметті ардагерлердің үйіне бас сұғып, құттықтап қайтты.

 — Өркениетті елдердің санатына қосылуға ниет білдірген қазақ елінің келешек ұрпағы — өз қарияларын сыйлап, құрметтеуді — ұлттық дәстүр, игілікті іс, перзенттік парыз деп санайды. Өйткенi, жасы ұлғайған адамдар –мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, отансүйгіштіктің, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Олар соғыстың қатал мектебiнен, соғыстан кейiнгi құрылыстан өттi және туған елiмiздiң гүлденуi жолында көп күш-жiгерлерiн жұмсады. Сондықтан, ардагерлерге деген құрмет, әлеуметтік қолдаулар жылдан-жылға артып келеді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бабамыз тегін айтпаған. Сіздер бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі боларлық ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер. Жоғары адамгершіліктің, өмірге деген сенімділіктің, бай рухани мәдениеттің мысалы ретінде тарихымыздың беттері болып табылатын Сіздердің жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіздің маңызы зор, — деді аудан әкімі.

Айтулы шара барысында меймандар асыл қазынадай болған қарттарға бағалы сыйлықтар тарту етті.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button