Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДін және қоғамҚаратал хабарыҚоғамТұлға

ИМАМ КЕЛДІ АУЫЛҒА

Қай халықта болмасын дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары.Ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор болып келетіні анық. Дін бойымыздағы ізгі қасиеттерімізді пысықтатса, салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Қашанда халқымыз ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін ел, дәстүр ұлтты рухани жандандырып, оны ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұрады. Дін мен дәстүр қашанда бір-бірімен сабақтас егіз ұғым десем, шатаспаған болар едім.

Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар. Осыдан он төрт ғасыр бұрын жаратушы Алламыздың Елшісі, ақ пайғамбармыз Мұхаммед с.ғ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген дініміз «Ислам», ықылым заманнан әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктеріне әдет ғұрыпына көңіл бөлген. Ешкімді ұлтына, нәсіліне қарамай халықтар арасындағы татулықпен, жақсылықты, бірлікпен-ынтымақты және сүйіспеншілікті бүгінге дейін насихаттап келеді.

Қазақ ежелден мұсылман халық. Ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дінімізбен қауышқанымызға он екі ғасырдан асты. Сол замандардан бастап ұлттық сана-сезіміміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, асыл дініміздің құндылықтары бірге дамыды.

Қасиетті Құранымыз бен пайғамбарымыздың хадистерін дәстүрге енгізіп, кейінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне қолдана білді. Баланың дүниге келіп құлағына азан айтып ат қоюынан бастап, дүниеден озған адамға жаназа оқуға дейінгі нарселердің баршасын дәстүрлі дініміздің шариғаттан алып бізге атадан – балаға мирас етіп, дәстүрмен бізге жеткізе білгеніне бәріміз куәміз.

Өткен 20 ғасырдың поеэзия мұзбалағы Мұқағали «Дін – ғылымның анасы» деп жырлағандай, бүгінгі күні заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған, еліміздің ертеңі болашағымыз жастардың психологиясына әсер ететін дағдарыс пен күйзелістің, деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан теолог, дінтанушы қазіргідей техника дамыған заманда трендтің тілімен айтсақ көпшілікке онлайн түрде «Tiktok» әлеуметтік желісі арқылы «Нұрлан имам» ретінде танымал болған Нұрлан Байжігітұлы жуырда Жетісудың жауһары, Күндіз күміс, түнде алтын боп ағатын, билер мен әулиелер мекені, қасиетті Қаратал өңіріне келді. Аудандық мәдениет сарайында өткен кездесуде аудан халқы сүйікті имамдарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

– Бүгінде елге ұстаз атану оңайдың оңайы, өзіңді ұстазбын деу қиын. Себебі бұл жерде бір түйткілі, ұстаз қандай адам, ұстаз болуға лайықты ма, көзқарасы қандай, бағыты қай жақ, білімді ме, білікті ме, елдің ұстазы ма, сөзіне амалы сай ма, насихаты өтімді ме, құлақ қуанып, көз іздей ме, мәселе осында. Әсіресе, халықтың рухани ұстазы болу – бұл бір адамнан бастап бүтіндей бір елдің тәрбиесіне бас тігу деген сөз.

Екі дүниеде де жауабы мен сұрауы ауыр. Дінді түсіну басқа, оны дұрыс ұстану бір басқа болғандай, бір хадиспен дінді жеткізіп, бір аятпен мұсылман жүрегін жаулап, бір сүремен ұстаз бола алмайды ешкім. Өз басым ұстаздық етуден қашпаймын, алайда өзімді-өзім үнемі таразыға салып отырамын, өзіме де, өзгеге де адал болуға тырысамын, жоғарыдағы сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Елдің ұстазы болу мен үшін Алладан берілген биік мінбер, басты бағытым – халық, бағанам – руханият, — деді Нұрлан Байжігітұлы.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button