Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Жетісуда тұңғыш рет алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік тәжірибелерінің орталығы ашылды. Олардың жұмысы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Бұл орталық отбасылық медицина қағидатын енгізуге бағытталып отыр. Бірте-бірте бұл оң тәжірибе бүкіл облыс көлемінде таратылмақ.

Өңірдегі тұңғыш алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тәжірибесінің орталығы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы орталық аудандық аурухана базасында ашылды.

Өз кезегінде «Астана» медициналық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қайта құру көзделіп отырғанын айтты.

– Бұл отбасылық медицинаны дамыту мен медициналық көмектің сапасын арттыру үшін жасалып отыр. Оосындай алғашқы орталықты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ауылдық көпсалалы аурухана базасында ашқан болатынбыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздің жобамызды Еуропаның 53 еліне әлемдегі алғашқы демонстрациялық платформа ретінде ұсынды. Жалпы біздің қауымдастық 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Біз сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелерімен де айналысамыз, халықты ми қанайналымы бұзылысының, сүт безі қатерлі ісігінің және т.б. сырқаттардың алғашқы белгілерін анықтауға үйретеміз. Бүгін ашылған орталықтар жемісті жұмыс істейді деп сенеміз және олардың тәжірибесі жақын арада Жетісу облысына кеңінен таратылатын болады, — деді Т. Рахыпбеков.

Осы күні орталықтың ресми ашылуынан бұрын «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының сарапшы мамандары, дәрігерлер мен медбикелерге, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға оқыту тренингтерін өткізді.

Жалпы мұндай үздік тәжірибе орталықтарын құрудағы негізгі мақсат — медициналық көмекті қолжетімді ету түсу, адам мен оның отбасының қажеттіліктері үшін денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, шағымдар санын азайту, шағым түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізу. Тағы бір аспектісі – халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру, ауруларды емдеу және алдын алу процесіне қатысу, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ диагностикаға бағдарланған тәсілден тұлғаға бағдарланған тәсілге көшу.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button