ЕЛІМІЗДІҢ ЕЛДІГІН ТАНЫТАР РӘМІЗДЕР
Іле ауданы Өтеген батыр аулындағы №24 лицейінде рәміздерді құрметтеу мақсатында онкүндік жарияланды.
Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітіліп, бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздерге деген әрбір азаматтың жүрек соғысынан танылуы қажет. Елдігіміздің басты құндылықтары ретінде Елтаңба, Әнұран және Туымызды құрметтеу, қорғау заңмен белгіленген. Ол әркім ойына келгенді істейтін қолжаулық емес. Ол елдің, ұлттың ұғымында да берік қалыптасқан киелі ұғым. Ол бүгіннің ғана тапсырмасы емес, ата-бабамыздан жалғасқан қастерлі аманат. Отаншылдық, мемлекетшілдік, ең алдымен, тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуден басталады. Ол азаматтың бойында мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланысты. Мұны не үшін еске салып отырмыз? Қазақта киелі ұғымға, қасиетті құндылықтарға ешкімнің қолын сұққызбаған. Оған саусақ ұшы тұрмақ, тіл тигізбеген. Демек, Елтаңба, Әнұран және Туымызды құрметтеуіміз – сол құндылықтарды ешкімнің өз пайдасы үшін өзге мақсатқа қолдануына жол берілмейді. Ата Заңымыздың 34 бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәмізін құрметтеуге міндетті» деп анық жазылған. Бұл Ата заңда «идеяны ұрлауына, кейбір элеметтерді жымқырып, өзге мақсатта көптеген өзгерістерді енгізуіне, өз шығармашылығында өңін айналдырып қолдануға болады» деген қосымша түзетулер жоқ. Ендеше, елдік құндылық – елдік құндылық қалпында еш өзгеріссіз қалуға тиіс. Оған түзетулер мемлекеттік деңгейде ғана қарастырылмақ. Бұл мәселені жалпы қалың жұртшылыққа кеңінен таратудың өзгелерге сабақ болары анық. Сондықтан, бүгінгі мереке күні рәміздердің киелі құндылық екенін естеріңізге салып,оны қастерлеу баршамызға парыз дегім келеді.
Карлыгаш Мырзабекова,
№24 лицейдің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі