ТОПТЫ ЖАРҒАН КЕГЕНДІКТЕР
7-8 қазан күндері Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық «Asian Open» турнирі өтті. Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Габон, Гонконг, Қытай және жеке бейтарап спортшылар құрамаларынан 217 спортшы қатысты.
Айта кетерлігі, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық «Asian Open» турнирі Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәкес өткізіліп отыр. Доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпай беріледі.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесін жерлестеріміз Тоқтасын Ислам (73 кг) алтынды, Әнуарұлы Бексұлтан (-100кг) қоланы қанжығалаған.
10 қазанда «Asian Open» турнирінің жүлдегерлерін аудан жұртшылығы салтанатпен күтіп алып, «Жерұйық» Кеген жастарының ұйымдастыруымен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Мақпал Шадан