АУДАН ӘКІМІ ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
12 қазан күні Талғар қаласындағы М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжнің мәдениет залында аудан басшысы Танат Айдарбеков Талғар қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді.
Кездесу аудан әкімінің 2023 жылы Талғар қаласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есебінен басталды.
Атап айтсақ, Талғар қаласы бойынша көлік, жер, мүлік салығының уақытылы бюджетке жиналуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Салық түсімі бойынша 2023 жылдың 3 тоқсанына жоспары 306 млн. 947 мың. теңгені құрап, 307 млн. 300 мың теңге түсіп, жоспар 101 пайызды құрады.
Талғар қаласы әкімінің аппаратының 2023 жылға 3 тоқсанына шығыстарына 880 млн 802 мың теңге жоспарланып, оның 880 млн 624 мың теңгесі игерілді, яғни 100% құрады. Аппаратты ұстап тұруға – 59 млн 369 мың теңге; Қала көшелерін жарықтандыруға – 136 млн. 405 мың. теңге; Санитарлық тазалауға — 21 млн. 939 мың. теңге; Туыстары жоқ адамдарды жерлеуге — 306 мың теңге; Қысқы мерзімде автомобиль жолдарын күтуге – 34 млн. теңге; Жолдарды орташа және күрделі жөңдеу – 107 млн 448 теңге.
Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарына 7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні 57 апатты ағаш кесілді. Жыл соңына дейін 500 апатты ағаш кесу жоспарлануда. Сонымен қатар 735 ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін орталық көшелердін бойындағы 860 ағашқа санитарлық кесу жоспарлануда.
Талғар қаласындағы жолдар бойындағы жоғалған люктарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 10 арық торлары мен люктар қалпына келтірілді. Жұмысқа жалпы 2 млн. 253 мың теңге бөлінді. Жалпы саны 60 люк қалпына келтірілді.
Талғар қаласының аумағына 1100 дана ағаштар мен гүлдерді отырғызуға 3 млн 460 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні орталық саябақтарға ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуді.
Қала бойынша 10 млн 478 мың теңгеге Достаевский, Ақан Сері, әл-Фараби, Нүрпейсова көшелеріне арық орнату жұмыстары жүргізуде.
3 млн 87 мың теңгеге Рысқұлов көшесіне балалар алаңының құрылысы басталды. 3 млн 124 мың теңгеге Скворцов көшесіне балалар алаңы салу жоспарланған, қазіргі уақытта алаң орның тегістеу жұмыстары жұргізілуде.
2 млн 711 мың теңгеге Бекбаев Крутенко көшесіне арық жүйесі салынды.
9 млн 200 мың теңгеге Талғар қаласының кіре берісіндегі арканы жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Яблочный көшесіне 5 млн 252 мың теңгеге балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Леонов көшесінің бойына 2 млн 767 мың теңгеге балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Ноғайбаев көшесінің бойына 18 млн 96 мың теңгеге шағын футбол алаңы салынды. Алан көлемі 800 ш.м. Т.Рысқұлов саябағына 4 млн 576 мың теңгеге жөңдеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыс ішіне орындықтарды толығымен ауыстыру, камера орнату, ескерткішті толығымен жөңдеу. 7 млн 616 мың теңгеге «ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС» ауданына канал үстіне көпір құрылысы жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, «Жаңа» ықшам ауданында канал үстіне 7 млн 685 мың теңгеге көпір құрылысы жүргізілуде. Қонаев көшесіндегі К.Маркс каналының бетонды өтпелі көпірді ағымдағы жөңдеуге 9 млн 184 мың бөлініп, жұмыстар басталды. Нуртазин көшесінің жалғасына 5 млн. 875 мың теңгеге тротуар салу жоспарланып отыр.
13 млн. теңгеге Тулебаев көшесіндегі зиратты 6000 метр қоршау жұмыстарына және камера, дәретхана орнату жұмыстары жоспарланып отыр. 5 млн. 499 мың теңгеге тұрғындардың өтініші бойынша №25 мектептің алдындағы 3000 ш. м автотұрағына ПГС, балласт төселінді.
3 млн 419 мың теңгеге көшелерге 5000 ш.м ПГС, балласт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қосымша 5000 ш.м көшеге ПГС төсеу жоспарлануда.
26 млн. теңгеге Талғар қаласының асфальт жолдарын қысқы мерзімде күту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 60 көшенің қаңтар-ақпан айларында қардан тазаланып, құм-тұз шашылды. Тротуарларды қардан тазалауға 8 млн. теңге бөлініп, қала бойынша 25 көшенің тротуары қаңтар-ақпан айларында қардан тазалау, құм шашу жұмыстары жүргізілді.
14 млн 336 мың теңгеге қала бойынша Абай, Райымбек, Лермонтов, Рысқұлов, әл-Фараби көшелеріне 8 дана аялдама салу жоспарлануда.
487 млн 222 мың теңгеге Қонаев көшесінің жолын кеңейту, жолдың екі жағынан 4600 м түрлі түсті брусчаткадан тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.
Көше жарықтандыруына қызмет көрсеткенге – 40 млн. теңге бөлініп, аталған қаражатқа қала бойынша қисайған 50 жарық бағаны түзеліп, 380 жарық шамдары ауыстырылып, 7 трансформаторлық шкафтардың жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескірген 12 000 метр СИП желісі жаңартылды. Жыл соңына дейін қаладағы 3950 жарық бағандары мен 4120 жарық шамдарына қызмет көрсету жоспарлануда. 40 млн теңгеге Қонаев көшесінің бойынша жалпы ұзынығы 2300 метр көшенің екі жағынан 163 жарық бағандары мен шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 156 млн 680 мың теңгеге қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, жалпы 1300 дана баған 45 000 метр СИП желісі, 1300 дана ЛЭД шамдары орнату жоспарланып отыр.
Санитарлық тазалауға — 14 млн. 801 мың теңге бөлінді. Тазалық жұмыстарын «Алмез» ЖШС атқарды. 2023 жыл бойы қала бойынша 150 мың тонна қоқыс шығару жоспарлануда.
Баяндамадан кейін тұрғындардың сұрақтарына мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді. Кездесу жылы жағдайда өтті, тұрғындар өзекті сұрақтарына жауап алды.
Акан АКЫЛОВ