Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБез рубрикиҚоғам

АУЫЛІШІЛІК ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Өтеген батыр ауылына арнайы іс-сапармен  Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Өңірлік даму» жөніндегі кеңестің төрағасы Тұрлашев Ләззат Махатұлы ресми іс-сапарымен аудан орталығына келіп аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімшілігі аппаратының бірқатар мамандары, аудандық ішкі істер басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Іле ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалу жағдайы зерделенді. Жиын барысында өңірдің дамуына қажетті бірқатар жұмыстар сөз етіліп, Іле аудандық ішкі істер департаментіне бейнебақылау жүйелерін ұлғайту тапсырылып, ауыл әкімдерін өз істеріне салғырттық танытпауға шақырды. Осы істің басы-қасында аудандық мәслихат депутаттары қадағалау керектігін де баса айтты.

Негізгі мәселе – іргесін енді көтере бастаған «Арман» ықшам ауданы мен  Өтеген батыр ауылына дейін жаңадан салынған  кіреберіс жолдың сапасын тексеру. Бұл мәселе 2016 жылдан бері көтерілген. «Арман» ықшам ауданының тұрғындары Өтеген батыр ауылына облыстық маңызы бар «Алматы-Жетіген-Қапшағай су қоймасы» автомобиль жолы арқылы ғана айналып келетін еді. Сол себепті 2019-2020 жылдары Энергетический ауылдық округі әкімдігі автомобиль жолының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, автобаннан бөлек асфальт жол төселді.  «Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Арман» ықшам ауданында автомобиль жол және жаяу жүргінші жолдарын салу» 2021 жылы жұмыс жобасы бойынша сараптамалық қорытынды жасалып, бюджеттік өтінім берілді.

Өтеген батыр ауылымен «Арман» ықшам ауданын қосатын автомобиль жолын салуға 130 млн.теңге қаржы бөлініп 2022 жылдың 31 қазанында «BCS Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 118,2 млн. теңгеге шарт жасалған. 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып, ұзындығы 1,1 шқ. 2022 жылы 37 млн.теңге игерілді (өтпелі жоба 2023 жылы – 76 млн. теңге). Сараптама қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстарының ұзақтығы — 5 ай. Бүгінгі таңда 76 млн. теңге  толық игеріліп, жолды бетонды-асфальттау жұмыстары аяқталды.

– «Кәріз және су құбыры жүйелерінің құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталды. Жалпы бюджеті – 590 млн. теңгені құрайды. Бұл жобаның тәуліктік қуаттылығы 7300 куб.м. «Ащыбұлақ» су қоймасына итереді. Қазіргі таңда, Өтеген батыр ауылындағы жүйенің тәуліктік қуаттылығы 4300 куб.м. Екеуінің арасында шамамен 60 % қосымша қуаттылық күшіміз бар. Оның барлығы алдағы 10-15 жылдыққа арнайы есептеліп, қарастырылған. Біздің бұрынғы «станционарлық» жүйе, кеңес үкіметінің ескі технологиясымен салынған. Салдарынан ауа райының қолайсыздығына байланысты жағымсыз иіс шығып, көп тұрғындардың наразылығын туғызды. Соны ескеріп, 150 жылдық тарихы бар «Грундфос» деп аталатын Еуропалық компанияның  өнімдерін жобалық-сметалық құжаттама бойынша қондырдық. Өткен жылдың желтоқсан айында тапсырыс беріп, сәуір айынан бастап монтажы жасалып, бүгінгі таңда  толық орнатып болдық. Іске қосылғанына 1 апта уақыт болды, әзірге тесттік режимде жұмыс жасап жатыр», — дейді Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Майшыбаев Әуелбек Батырбекұлы.

Ауылішілік жолдардың жай-жапсарын Ляззат Махатұлы өзі аралап көрді.

– «Ащыбұлақ ауылдық округінің елдімекен көшелерін, жолдары маршруттық тәсілмен күтіп-ұстау жұмыстары бойынша М.Түймебаев ауылы Жандосов көшесі ұзындығы 863 м. 2022 жылдың маусым айында «Строй Гарант-2017»ЖШС мен 132 476 435,84 тг. келісім шарт жасалған. 2022 жылы 118 769 007 тг жұмыстары атқарылып, 2023 жылға 13 707 428,84 тг. ауыспалы нысан ретінде өткен. 2023 жылы 29.06.2023 жылы келісім шарт суммасына қосымша 25 278 993 тг. артып қосымша келісім шарт жасалынған. Мердігер мекемесі тарапынан 2023 жылы 30 маусымда 12 млн. теңге орындалған жұмыс актісі тапсырыс берушіге өткізілген. 10.07.2023 жылы 14 791 408 теңге орындалған жұмыс актісі тапсырыс берушіге өткізілген. Келісім шарттың қалған суммасы 12 195 013,84 тг. Келісім шарттың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 30 қыркүйегі. Тапсырыс беруші тарапынан тамыз айында 3 рет, қыркүйек айында 2 рет мердігерге жұмыстарды мерзімінде аяқтау туралы ескертпе хаттар жолданған. Мердігер мекеме қалған жұмыс көлемін 2023 жылдың 25 қыркүйегіне дейін толығымен аяқтауға жауапкершілік алды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ащыбұлақ ауылдық округі Түймебаев ауылы Гагарин көшесі ұзындығы 2340 м. сметалық құны 73,7 млн. тг.  Бүгінгі күні Гагарина көшесіне фрезерлеу жол негіздемесін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін асфальттау жұмыстары толығымен аяқталады.

«Боралдай – Н.Тілендиев – М.Түймебаев» автомобиль жолы және Төле би ауылына кіре беріс жол ұзындығы 4100 м., сметалық құны 124,8 млн. теңге. Мердігер мекемесі «Жетісу жол құрылыс» ЖШС-і анықталды.

Бүгінгі таңда «Боралдай – Н.Тілендиев – М.Түймебаев» автомобиль жолынан Төле би ауылына кіреберіс жолында асфальттау жұмыстары толығымен аяқталып, жол жиегін тегістеу, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде», — деді өз есебінде Іле ауданының көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Мұратұлы.

Бағдат Шойбас

Басқа жаңалықтар

Back to top button