Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғам

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР

Еліміз тәуелсіздігін алып, қайта құру кезеңіне аяқ басқан кезде тұрмыс тауқыметі біраз азаматтарды морт сындырып жіберді. Жұмыссыздық, әлеуметтік жағдай сынды жайттар ел арасында отбасындағы әкенің орнын әлсіреткені де өтірік емес. Жылдар бойы қордаланған мәселенің талқылау әрі отбасындағы әкенің ролын аттыру мақсатында Кеген аудандық мәслихаты және Кеген ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әке көрген оқ жонар» атты әкелер форумы болып өтті. Мақсаты: әкелердің ұрпағы мен қоғам аралығындағы жауапкершілігін мойындап, лайықты қызмет жасауына мұрындық болу. Әкелердің қоғамда бала тәрбиесіне байлысты жауапкершілікті есеп беруін қамтамассыз ету. Форумға қатысушылар алдымен әкелердің қолөнер көрмесімен танысып, соңынан Кеген аудандық Мәдениет үйінің үлкен залында ашылу салтанатына қатысу үшін бет алған. Қарқара ауылынына келген Сабырбек Жауғаш атамыз форумды өзінің ақ батасымен ашты. Форум Кеген ауданының әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлының сөйлеген сөзімен басталып, Алғабас ауылынан келген ақсақал Смағұл Дәлібаевтың «Әкелердің баланы тәрбиелеудегі өткені мен бүгіні» деген баяндамасымен жалғасын тапқан. Одан ары Қызыр Абжанбаевтың «Бала тәрбиесіндегі Әкенің орны», Тұйық ауылының тумасы, қолөнер шебері Фархат Сатыбалдиевтың «Әкенің ізін ұл басар» атты баяндамалары талқыланды. Жарыссөз барысына кеше мен бүгіннің пікірталасы сынды ақсақалдар мен жастар арасында есебінде өтіпті.

–       Бүгінгі «Әке көрген оқ жонар» атты форумнның міндеті де, мақсаты да айқын. Бұл форумға осы атауды берілуінің өзінде де үлкен сыр жатыр. Өйткені әкенің бала тәрбиесіндегі, қоғамдағы ролын арттыруды көздеп отырмыз. Форум нәтижесінде осындай жиынның әр округте өтетіндігі және сол әкелердің бала тәрбиесіндегі бағытындағы жұмыстарына өздеріне өздері есеп беруі мүмкіндігіне ие болу. Форумды ұлттық рухани, мәдени жоба аясында өткізіп отырған жайымыз бар. Бүгінгі форумға қатысқан ақсақалдарға, орта буын әкелерге, жас әкелерге және жастарымызға рахмет айтамыз. Форум өз жұмысының нәтижесін береді. Бүгінгі бастама өте жақсы. Осы форум аясында негізгі 8 бағыт бойынша қарар қабылданды, сол қарар барысында жұмыстар жүргізетін боламыз.- деді форумның ұйымдастырушысының бірі Кеген аудандық мәслихатының хатшысы Алмасбек Нұғман.

Қарардың бағыттары:

«1. Қоғамда және  отбасында ұрпақ тәрбиесіне жете мән беруде әкелер рөлін күшейту барша әкелерге жүктелінсін.

  1. Қазақ отбасындағы әкенің орнын насихаттау мақсатында, қоғамдық жұмыс негізінде «Әкелер мектебін» құрып, жанды жұмыстар ұйымдастыру аудандағы барлық ауылдық округтердің әкімдеріне және ауылдық округтің ақсақалдар кеңесіне тапсырылсын.
  2. Көпті көрген көнекөз қариялар мен көкірегі қазыналы қарттардың әңгімесін тыңдап, Отаным, туған елім мен жерім, салт-дәстүрім, тілім мен дінім, отбасым дейтін патриотты ұрпақ тәрбиелеп, бала бойына тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру барлық аудандағы білім беру мекемелер жүктелсін.
  3. Қоғамдағы ерлердің рөлін әке ретінде де, азамат ретінде де танытатын, ата-ананы құрметтеуді дәріптейтін мақалалар жариялау аудандық “Qarqara” газетіне тапсырылсын.
  4. Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы, отбасының тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі, баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, әр ауылдық округтің әкімі, ақсақалдар кеңесі әр апта сайын ауылдық округтерде шаралар өткізсін.
  5. Аталған шараларды өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әлеуметтік желілерге салу аталған округ әкімдеріне тапсырылсын.
  6. 2024 жылдың ақпан айында өткізілген шаралардың қорытындысын шығару ұйымдастыру алқасына жүктелінсін.
  7. Бастамамыз нәтижелі болуы үшін әр ауылда жұмысты нәтижелі жүргізу мақсатында, аудандық және ауылдық «Әкелер кеңестері» құрылсын. Аудандық кеңес құрамы: 12 округтан бір-бір әкеден және дербес төраға болып, жалпы 13 адамнан құрам жасақталсын. Ал ауылдық округтерде тура осындай кеңес, құрамы 5 адамнан кем емес болып құрылсын. Ауылдық «Әкелер кеңесінің» Төрағасы болып Мәдениет үйінің директоры Оқас Нұрмаман Төкенұлы бекітілсін.»

Мақсаты айқын, жоспары анық бұл форум қысыл таяң кезеңдегі әлсіреген отбасындағы әкенің ролін нығайтады деп сенейік.

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button