Мемарандум келісім шарт жасалынды

Бүгін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облысы бойынша филиалы және
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті арасында меморандум келісім шарт жасалынды.
Меморандум келісім-шартының тараптар аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
— студенттерге тікелей өндірісте сабақ өткізу үшін құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасының филиалын ұйымдастыру;
— Кәсіпорынның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттердің (студенттер, магистранттар, докторанттар) курстық жұмыстарының, бітіру жұмыстарының тақырыптарын және Университеттің ғылыми зерттеулерін үйлестіруге қатысу;
— семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру, университет бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу; — бірлескен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру
— Кәсіпорынның мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттерге/түлектерге практикалық сабақтарды (өндірістік практиканы) өткізу;
— эксперименттік базамен қамтамасыз ету;
— ғылыми-зерттеу жобалары бойынша ғылыми тәлімгерлікті дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде ғылым мен инновациялық өндірістің интеграциясына жәрдемдесу.