Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

БЕЛБҰЛАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

26 қазанда аудан әкімі Танат Айдарбеков Белбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді. Кездесу барысында округ бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, көтерілген сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Белбұлақ ауылдық округіне 3 елдімекен кіреді. Олар: Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдары.    Округтің  жалпы  жер  көлемі 52307 га,  халық саны — 22355  адам, оның  ішінде: Белбұлақ  ауылында — 10198,  Бірлік  ауылында — 4252, Талдыбұлақ ауылында – 7905 адам тіркеуде. Тіркелген аула саны: 4507, Белбұлақ  ауылында – 2617 аула, Бірлік ауылында — 747 аула, Талдыбұлақ  ауылында – 1143 аула.

2023 жылға арналған жоспар бойынша барлығы 293 млн 923 мың теңге бөлініп, оның ішінде: әкім аппаратын ұстап тұруға – 77 млн. 518 мың теңге; елді мекендерді жарықтандыруға — 95 млн. 320 мың теңге, оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен 38 млн. 320 мың теңге: жарық бағаналарын ұстап тұруға – 6 млн. 550 мың тенге;   жұмсалған электр жарығының төлемақысына -15 млн  823 тенге; жарық бағаналарын орнату жұмыстарына Біржан сал, Астана, Бұқар жырау, Абай, БАКАД Талғар трассасы, Талдыбұлақ /аялдама/ барлығы 211 жарық бағаналары орнатылды – 15 млн 946 мың теңге бөлінді.

Облыс трансферттері есебінен 57 млн теңге бөлініп, оның ішінде: Белбұлақ ауылдық округінің Вишневая, Горький, Азербаев, Нұржұмаұлы, Момышұлы, Орталық трассасы, Малькеев, Маметова көшелеріне 378 жарық бағаналары орнатылады.

Санитарлық қамтамасыз етуге -10 млн. 290 мың теңге, оның ішінде: арық жүйелерін тазалауға – 1 млн. 865 мың; қоқыс үйінділерін тазалауға – 2 млн. 291 мың; ағаштарды санитарлы кесу жұмыстарына – 900 мың; көшелерді тазалау және қоқыстарды шығаруға – 1 млн. 690 мың теңге бөлінді.

Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына — 38 млн 680 мың теңге, оның ішінде: апатты ағаштарды кесу, санитарлық кесу жұмыстарына — 2 млн. 301 мың теңге;                                                     абаттандыруға — 2 млн.  544 мың теңге; әкімшілік ғимараты мен пандус жөндеуге – 2 млн. 625 мың теңге, аумақтарды қардан тазалау (балалар және спорт алаңын) — 1 млн. 500 мың теңге; көгалдандыру жұмыстарына – 1 млн. 549 мың теңге; полиграфиялық қызметтерге – 806 мың теңге; Белбұлақ ауылдық округіндегі балалар және спорт алаңдарының жөндеу жұмыстарына – 4 млн 795 мың теңге; Талдыбұлақ ауылы Шынтемір көшесіне спорт алаңын абаттандыруға тауарлар сатып алу – 17 млн 600 мың теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарын ұстап тұруға – 25 млн 500 мың теңге, оның ішінде: аудан трансферттерінен 8 млн 748 мың теңге қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау, көктайғақ кезінде құм себу жұмыстарын жүргізу. /Тороманов, Астана /Вишневая/, Алматы /Речная/, Шевченко, Алиева, Алтынсарин, Рябича, Абдыгулова, Шуленова, Маметова, Тебериков, Мақатаев, Момышұлы, №10,32,34,35 мектептердің алды, аялдама кешендерін орнатуға 6 млн теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 млн 500 мың теңге елді мекендердегі автомобиль жолдарын ұстап тұруға: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша — 15 млн. 686 мың теңге, оның ішінде: Белбұлақ ауылының Жібек жолы көшесіне 14 млн. 5мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бюджеттік алып қоюлар 25 млн. 924 мың теңге, автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу бойынша – 5 млн. теңге бөлінді.

2023 жылға берілген салық түсімдерінің 3 тоқсанында орындалу  жоспары 100  пайызды  құрап, 5 салықтың түрі бойынша орындалды.

Ауылдық округі бойынша – 76 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 42 дүкен, 8 мейрамхана, 1 қонақ үй, 6 зауыт оның ішінде «Южный» /консервіленген өнімдер шығаратын зауыт/, «VALDES PREMIUM» /арақ-шарап зауыты/, «Голден Фиш» /үй жануарлар жемдерін шығаратын зауыт/, «Билдинг Строй Групп» /кірпіш зауыты/, «Бетон», «MediCare International» протездік-ортопедиялық орталығы, 2 жанар  жағар май бекеті, 4 дөңгелек жөндеу орталығы, 5 ЖШС оның ішінде, «Софра», «Пластком», «Декор», «Трио», «Пластик», 3 дәріхана, 3 көлік жуу бекеті, 5 сән салоны ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда.

Белбұлақ ауылдық округінде 323 ауыл шаруашылық құрылымдары бар. Оның ішінде ірілері: «Тулеметов» ШҚ, «Баденко» ШҚ, «Алиев» ШҚ, «Зодиев» ШҚ, «Тайров» ШҚ, «Зевенков» ШҚ шаруа қожалықтары  жеміс-жидек, жүгері, жем-шөпке арналған көпжылдық шөптер егумен айналысады.

Ағымдағы жылдың дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынына 4 шаруа қожалық өтінім беріп, 27 тонна алынды. Жалпы егіс көлемі — 2640 га. Белбұлақ ауылдық округінің ауыл тұрғындарының мал басының саны: ірі қара  – 3742 бас, ұсақ мүйізді  – 14460 бас, жылқы – 1385 бас, құстар — 4770 басты құрайды. 9 айда округ бойынша «Талғар ауданы ветеринариялық станциясы» мекемесімен 165 ит ауланды.

Белбұлақ ауылдық округінде 149 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 85,78 км., оның: 53,75 км — асфальт қабатымен, 32,03 км.- тас құм қабатымен. 2023 жылы Белбұлақ ауылдық округі Белбұлақ ауылы Рябича, Пушкина, Абылай хан, Курмангазы, Торомонова, Керей хан, Байтурсынова, Шакарим  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 220 млн. теңге бөлінді, 12,5 км.жол жөнделді. Мердігер мекеме «Жетысу Жол Құрылыс» ЖШС.

Сонымен қатар Белбұлақ ауылдық округі Бірлік ауылы Мауленова көшесіне, Талдыбұлақ ауылы Ауезова, Безымяннная, Рыскулова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжат экспертизадан өткізілуде. Аяқталғаннан кейін Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі.  Бірлік ауылында Жібек жолы 1, 2, 3, Куздеубайулы жалгасы, Талдыбұлақ ауылында Толе би, Наурызбай батыр, Т. Бегелдинов көшелеріне ағымды жөндеуге техникалық құжат даярлануда.

Белбұлақ ауылдық округі бойынша «Алматы — Талғар-Бәйдібек би а/ж» (республикалық маңызы бар жол) бойына 3 жарықтандырылған жаяу жүргінші өткелі орнатылды. Ағымдағы жылы Белбұлақ ауылдық округіне 4 аялдама кешенін орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде.

Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын ауыз сумен РММ «Нұра топтық су құбыры» Алатау филиалы қамтамасыз етуде. Округтің су құбыры желілерінің ұзындығы — 34,3 км. Округ бойынша қолданыста 8 су тарату колонкалары, 4 су резервуары, 5 тұндырғыш бар. «Талғар топталған су тартқышының құрылысы және қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында «Ақ жол» ЖШС мекемесімен Белбұлақ ауылында 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен 524 млн. 760 мың теңге бөлініп, жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 51 км жаңа су құбырлары тартылды. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылында абоненттерді жаңа су құбырларына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Талдыбұлақ ауылында 24 км, Бірлік ауылында 18 км жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүргізулуде. Аталған жұмыстарды бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС мекемесі атқаруда.

2011 жылдан бастап Белбұлақ ауылдық округін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу Газ Құбыры» ЖШС мекемесі тұрғын үй, мекеме, шаруашылық нысандарды газдандыру жұмысымен айналысып келеді. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылы бойынша 52500 м, Талдыбұлақ ауылы бойынша 14360 м, Бірлік ауылы бойынша 15370 м газ желілері тартылған. Округ бойынша 3766 абонент газбен қамтылған. Оның ішінде Белбұлақ ауылында — 2247 үй, Бірлік ауылында – 644, Талдыбұлақ ауылында – 875 үй газдандырылған.

2023 жылы округтің  көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 38 млн 680 мың теңге бөлініп, келесі жұмыстар жасалады: апатты ағаштарды кесу, санитарлық кесу — 2 млн. 301 мың теңге;                                                    абаттандыруға — 2 млн.  544 мың теңге; әкімшілік ғимараты мен пандус жөндеуге – 2 млн. 625 мың теңге, аумақтарды қардан тазалау (балалар және спорт алаңын) — 1 млн 500 мың теңге; көгалдандыру  – 1 млн. 549 мың теңге; полиграфиялық қызметтерге – 806 мың теңге; Белбұлақ ауылдық округіндегі балалар және спорт алаңдарының жөндеу жұмыстарына – 4 млн. 795 мың теңге; Талдыбұлақ ауылы Шынтемір көшесіне спорт алаңын абаттандыруға тауарлар сатып алу – 17 млн. 600 мың теңге жұмсалды.

Белбұлақ ауылдық округі бойынша электр желілердің жалпы ұзындығы — 140 км оның ішінде: Белбұлақ ауылында — 73 км, Бірлік ауылында-30 км, Талдыбұлақ ауылында — 37 км. Белбұлақ ауылдық округі бойынша АЖК АҚ теңгерімінде тұрған ұзындығы 120 км барлық электр желілерінің 35% тозығы жеткен, электр желілерінің 65% жаңартылды. Ауылдық округтің елді мекендері үздіксіз электрмен қамтамасыз етілген. Елді мекендерді жарықтандыруға — 95 млн. 320 мың теңге, оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 38 млн 320 мың теңге бөлініп, оның ішінде: жарық бағаналарын ұстап тұруға – 6 млн. 550 мың теңге;   жұмсалған электр жарығының төлемақысына -15 млн  823 тенге бөлінді.

Мамыр, маусым айларында 15 млн. 946 мың теңге қаражатқа Белбұлақ ауылдық округі бойынша барлығы 211 жарық бағана (6 330 метр) орнатылды. Белбұлақ ауылы: Астана көшесі 66 бағана (1980м) 4 964,5 мың теңге, Абая көшесі 36 бағана (1080м) 2 707,9 мың теңге, Бұқар жырау көшесі 14 бағана (420 м) 1 053,1 мың теңге, БАКАД 8 бағана (240 м) 601,7 мың теңге, Біржан сал көшесі 5 бағана (150 м) 376,1 мың теңге, Алиев көшесі 40 бағана (1200 м) 3008,8 мың теңге, Жібек жолы көшесі 31 бағана (930 м) 2 331,8 мың теңге, Талдыбұлақ ауылында басты аялдама маңындағы аллеяға 12 бағана (360м) 902,6 мың теңге қаражатқа орнатылды.

Облыс трансферттері есебінен 57 млн қаражатына Белбұлақ ауылының Вишневая, Горький, Азербаев, Талдыбұлақ ауылының Нұржұмаұлы, Момышұлы, Қытай трассасы, Бірлік ауылының Малькеев, Маметова көшелеріне 378 жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіледі (Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурстың қайта өткізу хабарландыруының қорытындысы шыққаннан кейін).

2023 жылға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 10 млн. 290 мың теңге қаражат бөлініп, арық жүйелерін тазалау жұмыстарына 1 млн. 865 мың теңге, қоқыс үйінділерін тазалауға 2 млн. 291 мың теңге, ағаштарды санитарлы кесу жұмыстарына 900 мың, көшелерді тазалау және қоқыс шығару жұмыстарына 1 млн 690 мың теңге бөлініп, жұмыс жасалуда.

Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында Алматы облысының бірыңғай мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс өткізіліп, келісім шарт бойынша 883 млн 239 мың теңге қаржы бөлінді. Мектепті күрделі жөндеу жұмыстарын «SHEBERBUILD» ЖШС компаниясы жүргізуде. Маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмысының бүгінгі күні 30 пайызы аяқталған. Аталған жұмыстар мердігер компания жоспарланған кестеге сәйкес 2024 жылдың 23 наурызында аяқтайды. Жобалық қуаттылығы  320 орындық №34 орта мектепте 1364 оқушы үш ауысымда білім алуда. Үш ауысымда оқытуды жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2024 жылы Талдыбұлақ ауылында 600 орындық мектеп салу үшін 111 млн. теңгеге 2,7 га жер телімі сатып алынды.

Бүгінгі күні мәдениет үйінің құрылысын жүргізу мақсатында 1,1732 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі дайындалған. Қаражаттың бөлінуіне қарай мәдениет үйінің құрылысы жүргізіледі. Округ аумағында республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге /КАБИС/ және интернет желісіне қосылған 1 кітапхана жұмыс жасауда. 2 стадион, 4 мектептің жанында орналасқан 4 спорт алаңы, Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарында балаларға арналған ойын және «Street workout» алаңдары қолданысқа берілген. 2023 жылы Белбұлақ ауылдық округіндегі балалар және спорт алаңдарының жөндеу жұмыстарына – 9 млн 806 мың теңге қаражат бөлініп, аталған жұмыстар қыркүйек айында басталып, жүргізілді. 2023 жылы Талдыбұлақ ауылы, Шынтемір көшесіне 17 млн 600 мың теңге қаражатына спорт алаңы орнатылады.

Округтің тыныштығын сақтау мақсатында округте 3 полиция қызметкері жұмыс атқаруда. 9 айда округ бойынша бұрын сотталған азаматтар саны — 12, маскүнем — 8 нашақор – 2 азамат тіркелген. Тіркелген қылмыстың саны — 33 болса, оның 21 бүгінгі күні ашылды. Әкімшілік жауапкершілікке — 215 азамат тартылды. Бүгінгі күні тірек пунктінің құрылысын жүргізу мақсатында Белбұлақ ауылында 0,08 га жер телімі бөлініп, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі (гос.акт) дайындалды. Халық арасында ұрлық, тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында домофон, бейнебақылау орнату туралы насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңды тұлғалар да өз ғимараттарына бейнебақылау орнату туралы ескертіліп, бейнебақылаулар орнатылған.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button