Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

1 қараша күні Талғар қаласында Сегізінші шақырылған Талғар аудандық мәслихатының

кезектен тыс XI сессиясы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер ішінде Талғар ауданы Мансап орталығының 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Атап айтсақ, 2023 жылдың 9 айында Мансап орталығына 8292 жұмыссыз азамат жүгінген. Биылғы жылға 8011 жұмыс орындарын құру жоспарланған. 9 айда 7086 (88,5%) жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде  5363 тұрақты жұмыс орындары, 1723 уақытша жұмыс орындары, (қазақтар — 4099, азербайджандар-24, корей ұлты — 19, күрдтер — 25, орыс ұлты — 1545, түрік ұлты — 49, өзбек ұлты — 125, ұйғыр ұлты — 406). Жұмыс орындары ауданның келесі мекемелерінде құрылды: Аудандық орталық ауруханасы,  ЖШС Нұр Қағазы, ЖШС «AsterAuto», ЖШС «Талғар кірпіш зауыты», ЖШС «Chips production», ЖШС «Baron Food», ЖШС «ZETA», мектептер, бала-бақшалар тағы басқада аудандағы мекемелер.

Жүгінген жұмыссыздардың ішінен жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындалғандардың саны 1364. Оның  765-і аудан мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналасып, 589-ы қазіргі таңда жұмысты жоғалту бойынша әлеуметтік жәрдемақы алуда.

Жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері жұмыспен қамтылған азаматтардың табысының 45%- ын құрайды, (2022 жылы 25%) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12) тармақшасына сәйкес, жұмыстан айырылу бойынша жәрдемақыға өтініш беру үшін, сонғы 12 айда міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру жарналары болуы қажет. Жүйеге қатысушы тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, үш жұмыс күні өткеннен кейін «Жұмыссыз» мәртебесін алады. «Жұмыссыз» мәртебесін алғаннан кейін, мансап орталығының маманы Еңбек электрондық биржасы арқылы «Жұмыстан айырылу бойынша жәрдемақығы өтінім тастайды. Өтінімді 3 және 5 жұмыс күндері аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қарастырады. Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тағайындап, төлемдер жүргізеді.

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары дегеніміз олар:

  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқу — 100 адам;
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына- 84 адам;
  • Жастар тәжіребиесіне- 130 адам;
  • Қоғамдық жұмысқа- 820 адам;
  • Алғашқы жұмыс орны жобасына-81 адам;
  • Ұрпақтар келісім шарты жобасына — 5 жұмыссыз адам;
  • Күміс жас жобасына — 150 жұмыссыз адам жұмысқа жолданды;
  • Мемлекеттік гранттар беру – 89.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамассыз ету» бойынша 100 жұмыссыз азаматты ағымдағы жылдың сәуір айынан оқыту жоспарланып, 84 азамат қысқа мерзімді курстарын аяқтап, 68-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Игерілген қаражат – 19.6 млн. теңге.

 

Жұмыс берушілердін сұратуы бойынша кәсіптік оқуға «YQYLAS» білім беру орталығына жолдамамен 60 адам жолданып барлығы осы мекемеге жұмысқа орналасты:

  • Құрылысшы – 23 адам;
  • Ағаш шебері – 23 адам;
  • Сырлаушы (маляр) – 14 адам.
  • Аудандағы «KAZSAFETYGARMENS» оқу орталығына: 6 адам тігінші мамандығына оқуға жолданды.

Аудандағы ЖК «Инновациялық» білім орталығына 18 адам оқуға жолданды:

  • Есепші – 4 адам;
  • ЭВМ операторы – 5 адам;
  • Тігінші – 5 адам;
  • Шаштараз — 4 адам

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты байланысты  2023 жылы аудан бойынша жеке ісін ашуға 400 АЕК  (1.380.000 теңге) мөлшерінде мемлекеттік грант 89 адамға беру жоспарланған, наурыз айынан бастап 35 адамға (40.1%), 48.3 млн. теңге көлемінде өз істерін ашуға мемлекеттік грант берілді. Мемлекеттік грантты – ірі қара малды бордақылау және сатып алу, ролл-штор жасау, тігін шеберханасы, сән салонын ашу, фаст-фуд өнімдерін дайындау орталығы, аяқ-киім тігу тақырыбында бизнес-жоспарлар қорғалып, гранттар ұтып алынды.

2023 жылғы наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін және кәсібін кеңейтуге ниетті 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 %-бен 5 млн теңге сомасында шағын несие ауданда 45 адамға беру жоспарланды. 9 айда 56 адамға 241,3 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарымен 84 адам уақытша жұмысқа алу  жоспарланып, 97 адам жұмысқа жіберілді (115%). Оның ішінде 20 адам жұмысын аяқтап, 17 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын Мансап орталығы арқылы төленеді. Келісім шарт 36 мекемемен құрылды.

Жастар тәжіребиесіне 130 адамды қамту жоспарланып, 160 түлек жұмыспен қамтылып (51,9 млн.теңге игерілді), 12 түлек жастар тәжірибесін аяқтап, 9 түлек тұрақты жұмысқа орналасты, 3 түлек әскер қатарына шақырылды.

Жастар тәжірибесіне алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектеріне  арналған.

Жастар тәжірибесіне оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған тіркелген жұмыссыздар жіберіледі.

Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, айына жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды (103500 теңге).

Түлектер әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдарда тәжірибеден өтеді, олардың арасында Талғар ауданы әкімдігі, Мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ жеке фирмалар құрылымына кіретін облыстық және ауылдық әкімдіктері, Департаменттер мен әкімшіліктер бар.

Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 820 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 1126 жұмыссыз азамат жолданды (327,9 млн теңге игерілді), 344 адам жұмысын аяқтады оның ішіңде 27 студент, 5 адам зейнеттік жасқа жеткендер, 13 жүктілігі бойынша демалысқа шыққандар, 4 адам қайтыс болған, 119 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Алғашқы жұмыс орны жобасына 81 жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланған. Жыл басынан 110 адам жолданды (53,6 млн теңге игерілді). 41 адам алғашқы жұмыс орнын аяқтап, 14 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 1 түлек әскер қатарына шақырылды. Бұл бағытта 35 жастан аспаған, NEET санатындағы жастар үшін, бірінші жұмыс орнында тәжірибе жинайды. Жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды. Аяқтағаннан кейін қатысушыға мңдетті  12 ай дейнгі мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі. Жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.

Күміс жас жобасы аясында 150 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 217 жұмыссыз адам жұмысқа жолданып (105,5 млн теңге игерілді).

50 жастан асқан жұмыссыз адамдарға арналған субсидияланатын жұмыс орны. Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс Жұмыс беруші тарапынан сақталуы міндетті. Мемлекет белгілеген жалақы мөлшерінің 12 ай 70%-ын, 12-24 ай 65 % және 24-36 ай 60 %-дан 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды

«Талғар ауданы Мансап орталығы» жыл басынан жұмыссыздықты азайту мақсатында келесідей іс-шараларды іске асырды: 8 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 332 бос жұмыс орындары 36 мекемеден ұсынылды.  5 дөңгелек үстел, 12 халықпен кездесу (7 тікелей  эфир, 5 мобильді топ халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін  ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер) өткізілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алуға – 2065 отбасы жүгініп, оның ішінде – 1576 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (адам саны 8416 құрайды) (2022 жылы 1905 отбасы, 9966 адам) 2022 жылмен салыстырғанда 329 отбасына азайған. Бұл көрсеткіш АӘК алушылардың ішінен тұрмыстық жағдайлары жақсарып АӘК-ке мұқтаж емес екендіктерін көрсетеді. Талғар ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 815 отбасы көп балалы отбасы. Қазіргі таңда  751,1 млн теңге АӘК төленді. Жыл басынан Мансап орталығына көп балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары бағытына тоқталсақ, Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында 1 жастан 6 жасқа дейінгі баларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті  әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде заттай көмектен ақшалай түрге ауыстыру туралы тапсырма берілді. Ол дегеніміз 2023 жылғы  1 қаңтардан бастап көрсетілген төлемдер баланың жеке қажетілігіне қарай балаларға тамақ сатып алу үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 5175 теңге көлемінде төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында көбіне Қазақстан Респупбликасының әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 1-тарау 16 тармақшасына сәйкес жергілікті учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Сонымен қатар аталған заңның 2-бабының 6-тармағында көрсетілген заңға сәйкес, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысудан бас тартқан адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі Заңының 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық округ әкімдіктері бірлесіп тұрмыстық жағдайы өте төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында келесідей жағдайларда көмектесе алады:

1.Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде болуы керек;

  1. Төтенше жағдайлар;

3.Өмірлік қиын жағдайлар;

4.Бас бостандығынан айыру орындарынан босау.

Осыған орай:

  • Жұмыс берушілермен мақсатты жұмыс арқылы салалардағы кадрлар тапшылығын жабуға бағыттай отырып, жастар практикасына қатысушылардың шекті жасын 29-дан 35 жасқа дйін ұлғайту;
  • Жастар тәжірбиесімен ұштастыру есебінен «Дипломен ауылға» бағдарламасының тартымдылығын артыру, ауылдағы жас мамандар үшін жастар практикасы шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдерге тең келетін қосымша үстеме ақы белгілеу;
  • Мемлекет қаржыландыратын қоғамдық жұмыстарды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ауылда нақты жобаларды іске асыруға бағыттау;
  • Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін қайтарымсыз гранттардың орнына жеңілдікті кредиттер. Көбінесе гранттардың төмен мөлшері өз ісін ашу үшін жеткіліксіз;
  • «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ҰБТ тапсырмаған немесе оқуын жалғастырмаған түлектеріне қайта бағдарлау.

Жалпы, барлық белгіленген бастамалар шеңберінде таядауғы үш жыл ішінде Республика бойынша 5000 мың жастарды нәтижелі жұмыспен қамту жоспарлануда. Қорытындылай келе, ауданда «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында іске асыру жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда.

 

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button