Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

«Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!»…

Ағымдағы жылдың қараша айының 06-нан 17-сі аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ПД Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімі қызмет көрсету учаскелерінде «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы өткізуде. Бұл акцияның басты мақсаты көлік объектілеріндегі жылжымалы құрамдардың адамдарды басып кету деректерінің алдын алу, сондай-ақ балаларға теміржол бойындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту болып табылады.

Акция аясында ҚР ІІМ Көліктегі ПД Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері теміржол объектілерінде, вокзалдарда жазатайым оқиғалардан жарақаттануының алдын алу  мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Білім беру мекемелерінде  «Полицей — дос және қорғаушы», «Теміржол – қауіпті аймақ, абай болыңыз» тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен тақырыптық ойындар (викториналар) өткізуде.

Осыған орай, ҚР ІІМ Көліктегі ПД Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімі аудан тұрғындарын, өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырмай, теміржол бойындағы жазатайым оқиғалар салдарынан жарақат алып қалмауды барынша ескертеді.

 

Қонаев ст.ЖПб ӘПБ инспекторы

полиция майоры О.А.Сүлейменов

Басқа жаңалықтар

Back to top button