«Тілім менің – таусылмайтын байлығым»
Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» — деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.
Осы орайда әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тілім менің – таусылмайтын байлығым» атты
атты аудандық эссе байқауының қорытындысы жарияланды. Эссе байқауының мақсаты мен міндеті:
— өскелең ұрпақ бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
— оқушылар бойында ана тіліне деген құрметті күшейту;
— педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін арттыру;
— оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Барлығы 20 жұмыс іріктелініп алынып, қазылар алқасының талқылауынан өтті. Байқау қорытындысы аудандық әкімішлік мәжіліс залынды өтті, жиында Алматы облысы тіл оку әдістемелік ортығының Іле ауданы бойынша филиалының директоры Карашалова Бакыткуль Бектенқызы қатысушыларды құттықтап, байқау қорытындысымен таныстырды. Ішкі саясат бөлімі басшысының м.а Нурасыл Әлішер Әлімұлы жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарын үйлестірді.
Байқау қорытындысына сәйкес жүлделі 1 орынға №20 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бекболатқызы Ақнұр, жетекшісі Ауенай Бакыткуль, 2 орынға №54 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенжебай Кәусар, жетекшісі Юсупова Алмагуль Ниязхановна, 3 орынға №31 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мұхтарова Гүлім, жетекшісі Алматқызы Назгуль, ие болды. Байқауға іріктелініп алынған барлық қатысушылар мен жетекшілері алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.