Без рубрики

ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОНАЕВ КӨШЕСІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Талғар қаласының басты көшесі болып саналатын, үлкен шахар Алматымен байланыстыратын Қонаев көшесі жөндеу көрмегеніне талай жылдар болып қалды. Оның тарлығы мен шұқырларына тұрғындар талай рет шағым айтқан болатын. Енді, міне, осы жылы тиісті қаражат бөлініп, көшені жөндеу және кеңейту бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Күрішбеков айтып берді.

Бұл көшеде жүргізіліп жатқан жұмыстарды Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі өткен аптада келіп, бақылап кетті. Қала әкімі Бақыт Күрішбековтің айтуынша Қонаев көшесі бойынша келесі жұмыстар жасалынады: ескі асфальт жабындысын кесу; ұзындығы 2300 м қолданыстағы 9 метрден 15 м-ге дейін автомобиль жолын төрт жолаққа дейін кеңейту, негізгі жол құрылысына қиыршық тас салу, қалыңдығы 5 см ірі түйіршікті жабыны бар асфальт және 5 см қалыңдығы қиыршық тасты мастика асфальт қоспасы бар асфальт салу; ұзындығы 2300 метр, ені 2 метр жолдың екі жағына тротуар салу; жол белгілерін орнату; 100 метр сайын орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату; Талғар қаласына кіре берістегі арканы ауыстыру және ұзындығы 2300 метр екі жағына көше жарығын орнату.

–       Бұл жұмыстарға барлығы қанша қаражат бөлінді?

Барлығы 487 млн. 222 мың теңге. Одан бөлек осы жылы 5 млн. 499 мың теңгеге тұрғындардың өтініші бойынша  25 мектептің алдындағы 3000 ш.м автотұрағына ПГС, балласт төселінді. 3 млн. 419 мың теңгеге көшелерге 5000 ш.м ПГС, балласт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша 5000 ш.м көшеге ПГС төсеу жоспарлануда. 26 млн. теңгеге Талғар қаласының асфальт жолдарын қысқы мерзімде күту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 60 көшенің қаңтар-ақпан айларында қардан тазаланып, құм-тұз шашылды. Тротуарларды қардан тазалауға 8 млн. теңге бөлініп, қала бойынша 25 көшенің тротуары қаңтар-ақпан айларында қардан тазалау, құм шашу жұмыстары жүргізілді. Ал 14 млн 336 мың теңгеге қала бойынша Абай, Райымбек, Лермонтов, Рысқұлов, әл-Фараби көшелеріне 8 дана аялдама салу жоспарлануда.

–       Тағы қандай өзгерістер болмақ?

– 3 млн. 87 мың теңгеге Рысқұлов көшесіне балалар алаңының құрылысы басталды. 3 млн. 124 мың теңгеге Скворцов көшесіне балалар алаңы салу жоспарланған, қазіргі уақытта алаң орның тегістеу жұмыстары жұргізілуде. 2 млн. 711 мың теңгеге Бекбаев-Крутенко көшесіне арық жүйесі салынды. 9 млн. 200 мың теңгеге Талғар қаласының кіре берісіндегі арканы жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Яблочный көшесіне 5 млн 252 мың теңгеге, Леонов көшесінің бойына 2 млн. 767 мың теңгеге балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Ноғайбаев көшесінің бойына 18 млн. 96 мың теңгеге шағын футбол алаңы салынды. Алаң көлемі 800 ш.м. Т.Рысқұлов саябағына 4 млн. 576 мың теңгеге жөңдеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыс ішіне орындықтарды толығымен ауыстыру, камера орнату, ескерткішті толығымен жөңдеу жұмыстары кіреді. 7 млн. 616 мың теңгеге «Жаңа құрылыс» ауданына канал үстіне көпір, ал «Жаңа» ықшам ауданында канал үстіне 7 млн. 685 мың теңгеге көпір құрылысы жүргізілуде. Қонаев көшесіндегі К. Маркс каналының бетонды өтпелі көпірді ағымдағы жөңдеуге 9 млн. 184 мың бөлініп, жұмыстар басталды. Нуртазин көшесінің жалғасына 5 млн. 875 мың теңгеге тротуар салу жоспарланып отыр. 13 млн. теңгеге Тулебаев көшесіндегі зиратты 6000 метр қоршау жұмыстарына және камера, дәретхана орнату жұмыстары жоспарланып отыр.

–       Осы көшелердегі арықтар мен люктар мәселесі, және қураған ағаштарды санитарлық кесу мәселесі тұрғындармен кездесулерде көп көтеріледі. Бұл туралы не дейсіз?

– Дұрыс айтасыз. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарына осы жылы 7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 57 апатты ағаш кесілді. Жыл соңына дейін 500  апатты ағаш кесу жоспарлануда. Сонымен қатар, 735 ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін орталық көшелердің бойындағы 860 ағашқа санитарлық кесу жоспарлануда. Талғар қаласындағы жолдар бойындағы жоғалған люктарды қалпына келтіру жұмыстары әрдайым жүргізілуде. Қазіргі кезде 10 арық торлары мен люктар қалпына келтірілді.  Жұмысқа жалпы 2 млн. 253 мың теңге бөлінді. Жалпы саны 60 люк қалпына келтірілді. Талғар қаласының аумағына 1100 дана ағаштар мен гүлдерді отырғызуға  3 млн 460 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні орталық саябақтарға ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Қала бойынша 10 млн. 478 мың теңгеге Достаевский, Ақан Сері, әл-Фараби, Нүрпейсова көшелеріне арық орнату жұмыстары жүргізілуде. Санитарлық тазалауға – 14 млн. 801  мың. теңге бөлінді. Тазалық жұмыстарын «Алмез» ЖШС-і атқарды. 2023 жыл бойы қала бойынша 150 мың тонна қоқыс шығару жоспарлануда.

– Көшелерді жарықтандыру мәселесі ше?

–Көше жарықтандыруына қызмет көрсеткенге – 40 млн. теңге бөлініп,  аталған қаражатқа қала бойынша қисайған 50 жарық бағаны түзеліп, 380 жарық шамдары ауыстырылып, 7 трансформаторлық  шкафтардың жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескірген 12 000 метр СИП желісі жаңартылды. Жыл соңына дейін қаладағы 3950 жарық бағандары мен 4120 жарық шамдарына қызмет көрсету жоспарлануда. 40  млн. теңгеге Қонаев көшесінің бойынша жалпы ұзынығы 2300 метр көшенің екі жағынан 163 жарық бағандары мен шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 156 млн. 680 мың теңгеге қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, жалпы 1300 дана баған, 45 000 метр СИП желісі, 1300 дана ЛЭД шамдары орнату жоспарланып отыр.

Акан АКЫЛОВ        

Басқа жаңалықтар

Back to top button