Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

ЖАҢБЫРЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Соңғы жылдары әлем бойынша тұщы судың азаю процесі жүруде. Су өмірдің нәрі екенін ескерсек, тіршілік көзін үнемдеуді де қолға алған дұрыс. Ол ауызсудан бөлек, ауыл шаруашылыққа да қатысты. Егін мен бақшаны атам заманнан келе жатқан әдіспен суғару ескірген. Суды үнемдеу үшін тамшылатып немесе жаңбырлатып суғару әдісіне көшкен жөн.

Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару әдісін әрі осы әдістің құрал жабдықтарына сатып алуға мемлекеттің көмегі қандай екенін түсіндіруге арнайы жиын өткен. Жиынға Кеген ауданы Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мен аудандағы ірі шаруа қожалық иелері қатысты.

Бұл тәсіл топыраққа, өсімдікке және оларды қоршаған ауаға ең қолайлы тәсіл. Мұндай әдісте су сорғыш арқылы арнайы жаңбырлатқышқа су беріледі де, жоғарыдан топыраққа жаңбыр түрінде себіледі. Басқа суару әдістеріне қарағанда жаңбырлатып суарудың төмендегідей артықшылығы бар:

  • Суаруды толық механикаландыру.
  • Жер асты ыза суы жақын жерлерде өте қолайлы.
  • Егінді өзара жақын егуге мүмкіншілік туады.
  • Күрделі еңістікті жерлерде пайдалануға қолайлы.
  • Жер бетінің тегістігін қажет етпейді.
  • Аз су мөлшермен жылдам суаруға болады.
  • Ағынды (ақаба) су болмайды.
  • Су 25-30 пайыз үнемделеді тағы басқа.

Қолдану аймақтары:

  • Жылыжайлар мен питомниктерде суару;
  • Саябақтарды, бақшаларды, бақшаларды, егістіктерді, ағаштарды суару;,

гүлдер, көшеттер;

  • Аязға қарсы себу

оқиғалар

  • Сумен қамтамасыз ету үшін маусымдық құбыр;
  • Тоғандағы резервуарларды толықтыру;
  • Төгілу арқылы өрттің алдын алу

шымтезек батпақтары

Мемлекеттен қандай қолдау бар?

Суғару жүйелерін сатып алу үшін субсидиялар алу механизмі:

  • Шаруа қожалығы суғару жүйесін жеткізуші мекемемен келісім шартқа отырады;
  • Суғару жүйесін сатып алуға бөлінетін субсидияға қажет құжаттарды шаруа қожалығының иесі даярлайды;
  • Ауыл шаруашылығы басқармасы құжаттармен танысып, суғару жүйесін субсидиялауға келісімін береді;
  • Шаруа қожалығы суғару жүйесін жеткізуші ұйымға аванстық төлем (алғашқы транш) 20 пайызын аударады;
  • Ауыл шаруашылығы басқармасы екінші транш 50 пайызын жеткізуші компанияға төлейді;
  • Жеткізу ұйым суғару жүйесін жеткізіп және орнатып береді;
  • Шаруа қожалығы қалған 30 пайызын келісім шартқа сәйкес бірден немесе бөліп төлейді.

Қажет құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • Шаруа қожалықтың талоны;
  • Шаруа қожалықтың мүшелері туралы анықтама;
  • Қысқаша бизнес-жоспар немесе ТЭН;
  • Жер телімінің мемлекеттік актісі;
  • Субсидиялаудың мемлекеттік субсидиялау жүйесінде жердің мемлекеттік актісінің тіркелуі;
  • Электронды-цифрлы қолтаңба;
  • Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы электронды түрді өтініш тастау.

Айта кетерлік жайт қазіргі кезде елімізде осы суғару жүйесінің отандық өнім. Сапалы әрі бағасы да қолжетімді.

Шаруаларға да бұл суғару жүйесі ұнады. Кеген ауданындағы «Құмтекей» каналы іске қосылғанда осы суғару жүйесін мемлекеттің қолдауымен сатып алуды да жоспарлауда.

— Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару жүйесі өте тиімді. Болашақта суғару жүйесінің тиімділігі мен пайдасын, мемлекеттен суғару жүйесін сатып алуға субсидияны қалай  алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмысын барлық ауылдық округтерде жүргізетін боламыз – дейді Кеген аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Жасұлан Өмірзаков.

Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. «Судың да сұрауы бар» демекші аз су жұмсап мол өнім алу болашаққа да сенімділікті арттырады.

Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады.

Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді.

Мақпал ШАДАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button