«Жат ағымдардың арбауынан сақтанайық»
Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары профилактика және мақсатты реабилитациялау сияқты негізгі екі бағытта жүргізіліп келеді. Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.
Осы бағытта әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 2023 жылы 04 қазан күні Боралдай кенті №17 орта мектеп мәжіліс залында «Жат ағымдардың арбауынан сақтанайық» тақырыбында семинар кездесу өтті. Семинар мақсаты жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Кездесуге ҚазҰУ оқутышысы, теолог маман, республикалық түсіндіру тобының мүшесі Берикбаев Елнар Галымжанұлы қатысып, өз сөзінде жастарға дәстүрден тыс діни ағымдардан сақтану жолдары, заңнамаға сәйкес Қазақстанда қылмыстың осы түрі үшін қандай жаза қолданылатыны туралы әңгіме жүргізілді. Терроризм мен экстремизмге анықтама берілді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары қаралды.