Күре жолдардың көбінен заңбұзушылық анықталды
Биыл Алматы мен Жетісу облысының автомобиль жолдарына 268 рет тексеру жасалды. Мәселен Алматы облысындағы жолдар 130 рет тексеріліп 676 сынама алынған. Оның ішінде 239 сынама тиісті талаптарға сай келмейді. Ал Жетісу жолдары 138 рет тексеріліп 813 сынама алынған. Оның 531-інен ақау анықталды. Жалпы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары 1480 астам жол-құрылыс материалдарының сынамасын зертханаға әкелген. Анықталғандай олардың 74 пайызы нормативтік-техникалық талаптарға сай болмай шыққан.
«Суық асфальт жабынынан керндерді 15-30 күн ішінде алуға болады. Ал ыстық асфальт бетоннан сынама 1-3 күн ішінде алынуы керек. Қазавтожол және жергілікті атқарушы органдар бойынша жоспарланып алынған сынамалар бір рет зертханадан өтпеген жағдайда 28 күн ішінде регламент бойынша екінші рет алынады. Одан кейін регламент бойынша сынамалар талқыланбайды» — дейді «ЖАҰСО» РМК Алматы облыстық филиалы сапа және мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы Руслан Қашқынбай.
Айта кетейік, жол құрылысы материалдарының 96 пайызы төселген асфальтбетон жабынынан іріктелген үлгілер. Тексеру нәтижесі бойынша облыстық, аудандық әкімдік өкілдеріне (әкімдердің орынбасарларына) жол-құрылыс материалдарының нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес келмейтін ақаулары мен ескертулері бар хаттарды бірнеше рет жолданды.