Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамЭнергетический ауылдық округі

ҚОҒАМДАҒЫ БАСТЫ ТАҚЫРЫП ҚОЗҒАЛДЫ

Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» — дейді. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері. Осы орайда қазан айының 12 жұлдызы Өтеген батыр ауылы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп акт залында әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөлімнің қолдауымен «Іле мұрагер» ҚБ, аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» ана атты кездесу сұхбат өтті.

Кездесудің басты мақсаты – дара азаматтарды өсірген  ананың құдіретті де мейірімді, аялы алақанының жылылық сезімін, баласына берген тәрбие жолдарымен таныстыру.    Еліміздегі аналарымыздың қоғамдық орындағы еңбегін таныту.

Кездесуге   Іле аудандық мәслихаттың төрағасы —  Абилова Р.М,    Іле ауданының Құрметті азаматы  — Кененова Т.К, Өтеген батыр ауылының тұрғыны Оқу ағарту ісінің үздігі — Мамаева  Ж,  Оқу ағарту ісінің үздігі — Нұржанова М.Н, көпбалалы ана — Муздиманова Н,  аудандық аналар кеңесінің төрағасы — Жабиева М.Т, ақын – Топарова Б.Т, сонымен қатар аудандағы ауылдық округтерге қарасты  аналар кеңесінің  төрағалары және жастар қатысты.

Шара барысында мықты, еліне танылған азаматтарды тәрбиелеген ақ жаулықты аналармен сұхбат өткізіліп, бала тәрбиесіндегі әр ананың өзіндік ойы мен пікірілері талқыланды, жастарға өсиет — насихат әңгімелер айтылды.

Қорытынды сөз ретінде Іле аудандық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Серьянов Ж.С әкелер туралы сөз қозғап, жастарға батасын берді. Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі өзіндік еңбегі үшін аналарға сый сыйапат қөрсетілді.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button