Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

ОРМАНДЫ ТАНУДЫҢ ЕҢ СЕНІМДІ ҚҰРАЛЫ – БАҚЫЛАУ МЕН ТӘЖІРИБЕ

Орман шаруашылығы – экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.

Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. бұл шамамен 11,5 млн. гектар жерді құрайды. Әрбір адамға шаққанда 0,77 гектардан келеді.  Соның ішінде жер жаннаты Жетісудың ең шұрайлы жерлерін алып жатқан біздің ауданымыз орман қорына аса бай өлке болып табылады.

Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы аумағы 84582 гектар, оның таза орманды алқабы 26965 гектар. Мекеме 5 орманшылықтан тұрады: Жалаңаш, Ұзынбұлақ, Темірлік, Қарқара, Екаша орманшылқтары.  Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 қараша 2002 жылғы №1239 Қаулысына сәйкес Алматы облыстық әкімшілігінің комуналдық меншігінде қызмет етіп келеді.

Мекеменің негізгі функциясы табиғатты, оның ішінде орманды алқаптарды көбейту, ұтымды  әрі үнемді пайдалануға басшылық жасау және өзіне бекітіліп берілген аймақтарды орман қорындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне рұқсат беру.

Мекемеде 109  адам жұмыс істейді. Жоғарғы білімдісі — 29,  арнаулы орта — 25. Орта білімдісі  — 55. 2023 жылы  орман шаруашылығы жобасы бойынша   мекемеге 5 орманшы көмекшісі, 2 орман шебері,  2 орман күтуші, инженерлер мен мамандар берілді. 43 орман күтуші тұратын 41 кардон  бүгінгі күнге  сырланып, ақталынып, тазаланып,  қоршаулары түзетіліп және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, шатырдағы айналым номерлері, тік ұшақ қонатын алаңдар жаңартылып қойылған. 43 орман күтуші 43 атпен қамтамасыз етіліп, аттары тағаланған, 43 ер-тоқым, 43 дүрбі,  43 жаздық және қыстық киіммен  қамтамасыз етілген. Жаздық қыстық киімдері жаңадан алынып берілді. Барлық орман күтушілерінде төс белгілері және  куәліктері бар.  20 орман күтуші  20 күн нұрымен қамтамасыз етіліп, 21 орман күтуші   кардоны  электрленген. 43 орман күтушісінде  213 дана ранцелық су бүріккіш, 980  шартылдақ, 980 сыпыртқы, 367  балта, 153 ара, 123 жалпақ күрек, 323 үшкір күрекпен, 43 дана ілмекпен (багор) толық қамтамасыз етілген. 43 орман күтушіде орман күтуші бұрышы, құжаттары (өрт қауіпсіздігіне, демалушыларға, орман заңсыздықтарын тіркеу, сын ескертпе, бақылау  журналдары,  айналым паспорты) жаңартылған. Мекемедегі (5) бес орманшылық орманшылары, (5) орманшы көмекшісі  мен (9) тоғыз орман шебері, аттармен, ер тоқыммен, дүрбімен, қыстық жаздық киіммен, төс белгімен, куәліктермен қамтамасыз етілген. Төрт орманшылықта канторлары бар. Орманшылықтарда орталықпен байланысып тұру үшін Жалаңаш, Ұзынбұлақ, Қарқара, Екаша, Темірлік орманшылықтарда және патрулдік арнайы автокөліктерде, 37 тасымалды, 17 стационар, 15 автомашинада рация орнатылған. Барлығы 69 рация бар. Мекемеде I және II типегі орманда өрт сөндіру станциясы нормаға сәйкес жабдықталынған. Өрт қауіпі маусымына байланысты Кеген аудандық ПЧ — 7 мен бірігіп Кеген ОШКММ-нің II типтегі Орманда өрт сөндіру станциясының өрт сөндірушілері біріккен оқу жаттығуын 30.05.2023 жылы өткізді. Оқу жаттығуға Кеген аудандық ПЧ 7-нің жеке құрамы 6 адам, II типтегі Орманда өрт сөндіру станциясының өрт сөндірушілері 10 адам, 2 өрт сөндіру автокөлігі, Мтз — 92 тркторы су таратқышпен, Мтз-82 тракторы соқамен, 1 Нива мен 1 Уаз автокөлігі қатысты.

Өрт қаупі маусымына байланысты Кеген аудандық ПЧ — 7 мен бірігіп Кеген ОШКММ-нің II- типтегі Орманда өрт сөндіру станциясының өрт сөндірушілері біріккен оқу жаттығуын 04.07.2023 жылы өткізді. Оқу жаттығуға Кеген аудандық РЧ 7-нің жеке құрамы 7 адам, II типтегі орманда өрт сөндіру станциясының өрт сөндірушілері 10 адам, 2 өрт сөндіру автокөлігі, Мтз — 92 тракторы су таратқышпен, Мтз-82 тракторы соқамен, 1 Нива мен 1 Уаз автокөлігі қатысты. Өрт қаупі маусымына байланысты Орман — дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарына сәйкес Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, Кеген аудандық ПЧ — 7 мен бірігіп Кеген ОШКММ қатысып 25.07.2023 жылы сағат 11:00-де оқу жаттығу жұмыстарын өткізді. Оқу жаттығудың мақсаты күрделілігі әртүрлі санаттағы трансшекаралық орманды дала өрттерін жою .

Кеген орман шаруашылығы жыл басынан Бұқаралық ақпараттар құралдары  арқылы аудандық және облыстық газеттерге барлығы 16 мақала,  Жетісу телеарнасына 1 репортаж жариялады.

Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманшылары да табиғатты қорғау, көбейтуде өз үлестерін қосып, еңбек етуде. Ауданымызда орман шаруашылғы халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге айтарлықтай әсер етіп отыр деуге болады. Олар түрлі дәрі-дәрмек қажетті шөптерді жинап, саңырауқұлақ теру, жайылымдық жерлеріне мал жаю,  шабыс жерлерінен шөп шабу, орманды алқаптан қураған, зақымдалған ауруға шалдыққан ағаштардан  тазалау есебінен құрылысқа қажетті ағаш өнімдерін шығарса, жерде жатқан табиғи шірінділермен  ағаш бұтақтарын тазалау мақсатында  халыққа отын босатуда. Мекеме аумағында кеспе ағаштардан тыс жерлердегі, жерде жатқан табиғи шірінділерімен ағаш бұтақтарын тазалау  мақсатында  жергілікті халық тұрғындардың  өтініші мен сұранысы негізінде 2023 жылға 19835 га жерден 1538 т/м бұтақ, қалдық шіріндіге  рұқсат берілді. Орманды жанама пайдаланудан Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жалпы барлығы 173 орман билеті жазылды. Мекеме аумағынан 24820 гектар жайылымдық, 188,6 гектар шабындық жерлер пайдаланып 1538,925 мың  теңге аудан бюджетіне түсті. Мекеме бойынша 2023 жылға сирету және өтпелі кесуден, басқа мақсатта кесуден 238 текше метр ағаш дайындалып, 101 текше метр жеке адамдарға сатылып берілді. Орман шаруашылығы жұмыстарының ең негізгісі  ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен, зақымданудан, талан-таражыға салынуынан және жануарлар дүниесін қорғаудан, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен қорғау, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн қорғау;орман заңсыздықтарының алдын алу оны болдырмау, орман алқаптарында оған шекаралас аймақтарда өрт апатынын алдын алу, өрт апатын болдырмау. Мекеме келісім шарт бойынша ауылдық округтермен  бірлескен қоғамдық өрт сөндіру  сақшыларын топтастырды, Олар 12 топқа бөлінген. Барлығы 380 ерікті жасақшы, 50 автокөлік, 25 трактор.

 

Мекемеге қарасты орманшылықтарда, мекеме мамандарының, орманшылықтағы орманшылар, орман шеберлері, орман күтушілері өртке қарсы және заңсыз сүрек кесу мен орман заңдылықтарын бұзушылық  мақсатында 47 рет тексеру рейдтері жүргізілді. Жалпы тексерулер барысында заң бұзушылық оқиғаларына 10 хаттама толтырылды. Оның ішінде: 6 хаттама өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған  103500 теңге айыппұл, 4 хаттама арнаулы белгіні құлату 34500 теңге айыппұл салынып, барлығы 138000 теңге айыппұл өндірілді.

Осындай  бақылау мен тәжірибенің арқасында орманмен жақын араласып, қиын да қызығы мол орманды қорғау жұмыстарында орманшылар, орман күтушілері, орман шеберлері, мекеме мамандары талмай жұмыс  істеуде. Бұл жұмыстарға А.Касенов, С.Қасымбеков, Д.Кекілов, Н.Байузаков, Б.Матқасымов, М.Елубаев, С.Бекмолдаев, Қ.Рамазанов, Б.Нүсіпжанов, Желдікбаев А, Абузов Н, сынды орман күтушілеріміздің еңбегі зор.   Мекеме аумағында Шренк шыршасының тұқымы  орман күзетшілерінің  қатысуымен теріледі. Жоспар бойынша  мекеме Шренк шыршасының тұқымын 200,0 кг жинау керек болса биылғы жылы 213,0 кг жинап отырмыз.   Мекеме бойынша 54 гектар базалық, 5,4 гектар уақытша питомник бар. Тұқымбақта негізінен Шренка тұқымы   0,6 гектар жерге себілсе, елді мекендерді көгалдандыру мақсатында ағаш түрлерін көбейту үшін бүгінгі күнге Шренк шыршасы, Жасыл қарағай, Арша, Сиверс алмасы ағаштарының  көшеттері  тұқымынан өсірілуде.  Қызықты да қиындығы мол саламызда орман тұқымбағында бір жылдан – төрт жылға  дейін қазылып алуға дайын тұратын 3,1 гектар жердегі 3337,216,0 мың дана Шренк шыршасының екпе көшеттеріне , сонымен қатар басқа тұқымдас екпе ағаштарына күтіп баптау жұмыстары  ( себу, торғайдан қорғау, шөбін отау айына 4-5 рет, көшет арасындағы шөптерді жинау, щит жасау, щиттарды ремонттап жабу, суғару, питомник айналасын қоршау жұмыстары т.б) жұмыстар өз мезгілінде орындалып отырды.

Екпе көшет шыға бастаған кезде торғайдан қорғау,  және шыққаннан кейін    арам шөптерден тазарту   жұмыстары жүргізіледі. 1 жылдық, 2 жылдық, 3 жылдық және 4 жылдық себінділерді күтіп баптау жұмыстары айына 5-7  рет күтім  жүргізілді.  Осы әр жылдық себінділерді күтіп баптау жұмыстары   4 жыл қатарынан бірдей  жүргізіледі . 2023 жылы тұрақты тұқымбаққа 0,6 гектар жерге Шренк шыршасының  тұқымдары  Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 кыркүйектегі бес жыл ішінде орманды алқаптарды 2 миллиард, елді мекендер аумағына 15 миллион ағаш отырғызу туралы Жолдауына сәйкес, Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевтің  тапсырмасымен «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде облыс оқушыларының қатысуымен елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру» тапсырмасын орындау мақсатында :

Мекеме орманды өсіру қалпына келтіру жұмыстары бойынша  орманды алқапқа  42 гектар жерге —  284280 түп Шренк шыршасының екпе көшеттері,  орманды алқаптарды толықтыруға 22 га жерге – 25000  түп Шренк шыршасының  екпе көшеттері, көгалдандыру плантациясына-  3 га жерге Шренк шыршасы 25000 түп Шренк шыршасының екпе көшеттері , 0,05 га жерге -1000 түп Қырым қарағайы  0,15 га жерге -3000 түп Ель Европейка 0,05 га жерге Туя -2400 түп барлығы: 340680  түп отырғызылды. Шренк шыршасының орманды алқапқа отырғызылған екпе көшеттерінің өнімділігі 75 пайызды құрайды.

Алматы облысының аудандарындағы және Қонаев қаласының мектептеріне отырғызу үшін – 33200 түп, Жоңғар орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 31208 түп,

Үйгентас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орман екпелерін толықтыруға —  15000 түп. Талдықорған орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 105792 түп ақысыз босатылды.

Көгалдандыру орманжайдан облыс ,  аудан   көлеміне көгалдандыру жұмыстарына 409  түп ірі шырша, қарағай тоң топырағымен ,сатылынып, мекеменің арнайы есеп шотына 4154,780 мың тенге қаражат  түсті. Орманды алқаптарда  жас көшеттермен  көбейту-басты міндетіміз  болғандықтан –қызыкты да қыйындығы мол салымызда  орман тұқымбағында  бір жылдан –төрт жылға дейін қазылып алуға дайын тұратын көшеттерге күні бойы, күннің астында тұқымбақтағы епе көшеттерді өсірудің өзі үлкен қажымас еңбекті талап етеді. Оларды арам шөптен тазарту, суғару жұмысында еңбекқор жандар жанұяларымен көктемнен бастап   екпе көшеттерді күтіп баптаумен , арам шөптерден арылтудан айналысады. Атап айтсақ : Құттығаева Майра, Анапияев Жұмабек, Қахарманов Ермек, Баткалова Асем, Ембергенова Мария, Дүйсенбай Халықбол, Оспанбаева Алия,  Скаков Берік,  Сейдалимов Жұмахат сынды маусымдық жұмыскелердің  жұмыстарын ерекше атауболады. 2023  жылы мекемеде « Орман шаруашылық күніне»  орай  үлкен жиналыс болып, ол жерде  еңбектерімен еленген орман шаруашылық қызметкерлері үлкен марапатқа ие болды. Атап айтсам:  «Орман шаруашылық күніне» Жалаңаш орманшылығының орманшысы Д.Досайбеков «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін  ІІІ дәрежелі «Төс белгі» мен, ІІІ дәрежелі «Төс белгі» Темірлік орманшылығының орманшы көмекшісі Берік Шарғыныов, Жалаңаш орманшылығынң орман күтушісі Касенов Абдуали ІІ дәрежелі «Төс белгі», «Алматы жергілікті агроөнеркәсіп кешені  және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақтар одағынан» «Төс белгі» мекеме кадр маманы Мылқайдарова Камшат, Екаша орманшылығының орман күтушісі Рамазанов Қайрат, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  комитетінің құрмет грамотасымен   Матқасымов Бауыржан  Ұзұнбұлақ орманшылығының орман күтушісі, «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінен Алғыс хатымен, Бекмолдаев Серик, Кәсіподақтар одағының» мадақтамасымен, Омаров ҚанатҚарқара орманшылығының орман күтушісі, Төреханов Манас Жалаңаш орманшылығының орманшы көмекшісі, мекеменің «Алғыс хатымен» мекеменің жұмыскер  қызметкерлері марапатталды. Үлкен жетістіктің бірі орманды өсіру  молықтыру  бас инженері Аубакирова Гульнара  Елемесқызы қызы Мемлекет Басшысының Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталса, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Еңбек сіңірген орман өсіруші атағы» берілді.    Еңбектері еселене берсін демекпіз. Мемлекет Басшысының 2020 жылғы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 5 жыл ішінде — 2021-2025 жылдар аралығында орман алқабында 2 млрд ағаш отырғызуға қатысты шараларға байланысты мекеме  орман қорын көбейтуге  байланысты шаралар жасауда. Табиғат біздің анамыз, асыраушымыз, сақтаушымыз. Барлық игілікті біз содан аламыз. Ертеңгі ұрпақ қамын жете ескеріп, қолда бар қымбат қазынаны қадірлейік, қастерлей білейік! Бұл біздерді табыстан табысқа, мұратқа жеткізеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек

А.Солтангазиев,

Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры           

Басқа жаңалықтар

Back to top button