«Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен пікір сайыс турнир өтті
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс аясында М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп акт залында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Энергетик ауылдық округі әкімдігінің, «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен пікір сайыс турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты – оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту. Қазылар алқасының құрамына аудандық пікір сайыс клубының мүшелері, облыстық, аудандық турнирлердің жеңімпаздары кірді.
Пікір сайысқа 4 фракция қатысты, ойын барысында оза шапқандар айқындалып, диплом, бағалы сыйлық және арнайы номинациялармен марапатталды.
Нәтижесінде, 1 орынға №38 мектеп гимназиясының командасы, 2 орынға №24 лицейдің командасы, 3 орынға №7 орта мектептің қомандасы ие болды.
Ойын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоба