Теріс пиғылды діни ағымдар: белгілері және зияны
Әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен орталық мешітте «Теріс пиғылды діни ағымдар: белгілері және зияны» атты ақпараттық науқан өтті.
Шараның мақсаты: жастардың діни сауаттылықтарын жетілдіріп, адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Қазіргі таңда адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп, мемлекетке, қоғамға, жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамды іштен ірітіп, бүлік салып жатқандығы туралы жиі айтылып келеді. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар.
Осыған орай, таратылған парақшаларда еліміздің жарқын болашағын қалаушы – жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетілді.