Қызға 40 үйден тыйым
Әлеуметтік тапсырыс аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша идеологиялық жұмысты және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 4 қазан күні Өтеген батыр ауылы, №24 лицей акт залында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесуде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жабиева Мейрамгуль Түйебайқызы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сансызбайқызы Айгерім, аудандық аурухана салауатты өмір салты бойынша дәрігері Сикибаева Толеухан Абдулмажиновна, гинеколог дәрігер Тұрмаханбет Салтанат Мырзабековна дәріс оқыды.
Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Кездесуде ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қойылған сұрақтар көп болды, оның әрқайсысына гинеколог дәрігер толық жауап берді. Кездесуден соң бірнеше оқушы жеке сұрақтарына жауап алуға ниет білдірді.