Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

9 АЙДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

Шырғанақ ауылдық округі:

«Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 мемлекеттік қызметкер, 5 техникалық қызметкер жалпы 11 адам жұмыс істейді. Ауылдық округке қарасты 6 елдімекенде  427 отбасында 2150 адам тұрады.

Салық және бюджет түсімдері бойынша 2023 жылдың     қыркүйек айына дейінгі мәлімет:

2023 жылғы жалпы салық болжамдары – 6 млн. 288 мың теңге болса,   9 айлық  қорытындысымен 8 млн. 918 мың  теңгеге орындалып. 142%-ды құрап отыр. Оның ішінде:

Табыс салығының болжамы  50 мың теңге болса, орындалғаны 451 мың             900   теңге болып (904% құрады).

Көлік салығы болжамы 5 млн. 878 теңге болса, орындалғаны 5 млн.  879 мың  теңге болып (100% құрады)

Мүлік салығы болжамы 268 мың теңге болса, орындалғаны 281 мың теңге болып   ( 105% құрады).

Жер салығы болжамы 92 мың теңге болса, орындалғаны 118 мың 400 теңге болып (129% құрады).

Ауыл шаруашылығы:

Кеген ауданында ауыл шаруашылығы басым сала екендігі белгілі. Біздің ауылдық округте  173  шаруа қожалығы, тұрғындардың ауласындағы жеке қосалқы шаруашылығындағы малын қосып есептегенде барлығы;

Мүйізді ірі қара – 5293 оның ішінде 2034 аналық бас;

Жылқы – 4088, оның ішінде аналығы – 1651;

Қой-ешкі – 6710, оның ішінде 3475 бас ұсақ мүйізді мал аналығы өсірілуде.

Тұқым  түрлендіру  бойынша  2  шаруақожалық, 1 ЖШС  137 бас  аналықпен  тіркеліп  тұр.

Ауылдық округ бойынша күзгі  дала  жұмыстары бойынша 450 га арпа егіліп, орта  түсім 18 центнерді құрады.  420 га картоп  егіліп, орта  түсімі – 186 центнер. Көкөніс 10 га рта  түсім – 259 центнер  өнім  алынды. Қысқы мал  азығы  бойынша  жем-шөп қоры  13 185 тонна, жоспар  толық  орындалды.

Ветеринария  саласы  бойынша:  бірдейлендіру мүйізді ірі  қара малдарға 1320 бас төлге, ұсақ  мүйізді малдарға 3828 бас  төл сырғаланып, бірдейлендірілді.  Мал  дәрілейтін  орын  талапқа сай  жұмыс істемейді. Мал  өлексесін тастайтын  орын  Шырғанақ, Кеңсу, Талды  ауылдарында  жоқ. Қаңғыбас иттерді аулауда округ  бойынша 113 бас ит ауланып,   арнайы  орынға  өткізілді.

Ағымдағы жылы ауылдық округ аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, көше жарық шамдары бойынша Шырғанақ ауылында көше  шамдарына 7 млн. теңге  бөлініп 38  баған, 1346 метрге  орнатылды. Көкпияз  ауылына  3 млн. теңге бөлініп, 16  баған 577 метрге  орнатылып, іске  қосылды. Кіші  Қарқара ауылында көше  шамдарына 5 млн тг  бөлініп, 27  баған 962 метрге орнатылып,  іске  қосылды.

Талды ауылында көше  шамдарына 2 млн. теңге  бөлініп алдағы  уақытта  11  баған, 385 метрге  орнатылу  жоспарлануда.

Шырғанақ ауылындағы ауыз  суға 693,3 млн.  теңге бөлініп. 11,2 км ауыз  су  құбыры  тартылды. Жұмыс  бүгінгі күнге 95% орындалды. Қазіргі уақытта  халыққа  суды   беруге  жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Кеңсу  ауылындағы  ауыз су  жүйесіне  28 млн.  теңге  бөлініп,   ағымдағы  жөндеуден   өткізіліп,  халықтың   пайдалануына  берілді.

Көкпияз  ауылындағы  көше  жолдарына 142 млн.  теңге   қаржы  бөлініп, 1-ші  жабындысы 3,2 шақырымға  төселіп 2024 жылға  аяқтауға  қалдырылды. Кіші Қарқара ауылының  ішкі  көшелеріне 62,6 млн. теңге қаржы  бөлініп, 2,1 шақырым  жерге   күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, халықтың  қолданылуына  берілді. Сонымен  қатар  10 млн.  теңге балалар  ойын  алаңына  бөлініп,  құрылыс  жұмыстары  жүргізілуде. Талды ауылының  ішкі  көшелеріне 58,1 млн. тг қаржы  бөлініп, 1,6 шақырымға күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, халықтың  қолданылуына берілді.

Жыл басында ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 19 адам.

Оның ішінде:

Ақылы қоғамдық жұмыста қазіргі таңда жұмыс істеп жатқандар – 11 адам, Ақылы қоғамдық жұмыстың уақыты бітуіне байланысты жұмыстан шеттетілген адамдар саны – 4.

Тұрақты  жұмыс  жоспары 60,  орындалғаны 40.

Жаңа жұмыс  орны  жоспары – 93,  орындалды – 35.

АСП алушылар – 7  отбасы,  44  жан.

Қайтарымсыз  грант  алған 1  адам, 1 млн 380 мың  теңге. Мақсаты – ірі қара малын  өсіру.

Жастар  тәжірибесінен  өтуші – 1 адам.

Алдағы атқарылатын жұмыстар:

Алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы айта кетсек, жаңа жұмыс орнын ашып халықты тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

  1. Шырғанақ ауылынан Мәдениет үйін салу үшін мемлекеттік  акт  алынды. Сметалық  құжаттары дайындалып жатыр.
  2. Талды ауылынан ФП (фельшерлік пункт) салу мақсатында мемлекеттік  АКТ алынды. Кеген аудандық ауруханасы  сметалық  құжаттарын  дайындап  жатыр.
  3. Шырғанақ ауылдық әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу  үшін сметалық құжаттарын  жасатуға  қаржы  қарастырылып  құжаттары дайындалу үстінде.
  4. Талды және Шырғанақ ауылдарынан балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңын салуға жер таңдап алынып, мемлекеттік акт алуға жұмыстар  жүргізілуде.

Инвестиция тарту бойынша жұмыстар:

  1. Шырғанақ ауылында құс түрлерін өсіру.
  2. Шырғанақ ауылынан мал бордақылау алаңын салу.

 

Мақпал ШАДАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button