Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғамСпорт

ВОЛЕЙБОЛДАН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді. Волейбол – деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”. 1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын. Волейбол 12 ойыншыдан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.

1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО-ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алған.

Бөлексаз ауылында «Тәуелсіздік күніне» орай волейболдан ерлер арасында Кеген ауданының біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылуында аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 10 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысында:

1-орынды Бөлексаз ауылының командасы;

2-орынды Кеген ауылының командасы;

3-орынды Кеген жастары командалары жеңіп алды.

Сонымен қатар:

Үздік ұйымдастырушы – Сабыров Дастан;

Үздік шабуылшы – Қызайбай Жандос;

Үздік қорғаушы – Төребек Самат;

Үздік ойыншы – Бауыржан Әли мақтау дипломдарымен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, кубоктарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Ауданымыздағы бұқарылық спорт түрін дамытуға атсалыпсып жүрген спорт жанкүйерлеріне сәттілік тілейміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button