Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және құру» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражаты кезінде анықталған бұзушылықтар туралы

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылғы 2 қазандағы аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша, «Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын бұзу анықталған.

2020 жылы ТКШ бөлімі мен «Энергохолдинг LTD» ЖШС арасында 11.05.2020 жылғы №28 «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу СМР» жалпы сомасы 465 630,3 мың теңгеге шарт жасалды.

Бұл ретте 2021 жылы «Энергохолдинг LTD» ЖШС орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмегені үшін — 32 464,8 мың теңге сомасына негізсіз төлем жүзеге асырылды және жұмыстар шарт бойынша қабылданған мерзімде аяқталмады. ТКШ бөлімі жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдамады және «Энергохолдинг LTD» ЖШС өнім берушісін Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну жөнінде шаралар қабылдамады.

Сонымен қатар, жобалаушы әзірлеген сапасыз ЖСҚ арқасында бағдарламаның мақсатына қол жеткізілмеді, яғни Үлкен Ақсу ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген және жобаны іске асыруға 560 200,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және адамдардың жауапкершілігін қарау туралы орындалуы міндетті нұсқама жіберілді, тексеру материалдары «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-ге жолданды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button