Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСКЕ АСЫҚҚАНДАР

Іле ауданы, Энергетический ауылдық округі, Өтеген батыр ауылында жұма сайын тегін нан тарататын «Бес найза», «Жұлдыз», «Диана», «Алихан – 1, 2», «Перекресток»  атты дүкендер жұрттың назарын аударды. Дүкен иелерінің бұл әрекетіне таң қалған жұрт алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін жолдап жатады. Кәсіпкерлердің сөзінше, бұл дәстүр ары қарай да жалғасын таба береді.

«Біздің дүкен қасиетті жұма күні осы қайырымдылық істі үзбей жасап келеміз. Әлі де бұл игі дәстүр жалғасын таба беретінін де айтқым келеді. Ауыл тұрғындары нанға ақша алмаймыз, тегін дегенімізге тосырқай қарап, тиынын қалдырып кететін. Олар өзін көмекке мұқтажбын деп есептемейтіндіктен ұялып, солай ететін болуы керек. Мұндай жағдайда ақша біздегі садақа жәшігіне салынады. Аптаның басқа күндері нан үшін наубайхана қойған бағаға үстеме ақша қоспаймыз.

Яғни, нанды өзіміз нарықтағы көтерме бағамен алсақ, қайырымдылық нан үлестіру кезінде сол бағада сатылады», — дейді кәсіпкерлер. Кейбір кәсіпкерлер өздері жалға алған дүкеннен түскен табыстың бір бөлігін тұрмысы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылармен де бөліскісі келеді екен. Қазіргі уақытта олар мұндай жанұяларды іздестіріп жүргенін, табылып жатса, 10-15 күнге жететін нандарын  жеткізіп беретінін айтады.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button