Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулықҚоғам

СІЗ ДӘРІХАНАЛАРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

Соңғы уақытта еліміздің тауар айналымдарында тауарларды таңбалау туралы жиі естіп жатырмыз. Ол жалпы жұртшылыққа қандай пайда беретінін біріміз білсек, екінішіміз жете түсіне бермеуіміз мүмкін салдарынан алған тауарымыздың сапалылығы мен түпнұсқалығы туралы түрлі жағдайға әкеліп соғады. Әсіресе, дәріханадағы пайдаланатын дәрі-дәрмекке байланысты болса тіпті қызық. Фармацевтика саласы кез келген алаяқтыққа өте осал келетінін біз жақсы білеміз. Қаржы мен пайда жағын ескерсек, дәрі-дәрмектердің көпшілігі импорттан келеді. Сондай-ақ ,Қазақстандағы дәрілердің көлеңкелі нарығының үлесі де рөл атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқан соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің  0,86 пайызын құрайтын көрінеді, яғни, шамамен 892 млрд теңге көлемінде. Сумма тым үлкен екеніне келісесіз деп ойлаймын. Осы бір қара қазаны қайнап жатқан саланың адамзатқа қажеттілігі жыл сайын үлкейіп келеді. Экологияның нашарлауы, ғалымдардың дабыл қағып жатқан әлемдік жылынуы барлығы да адам денсаулығына зиянын тигізіп жатыр. Осы аралықта бізге сапалы өнім өте қажет екенін түсінесіз.

Егер сіз дәрі-дәрмекті әйгілі желілік дәріханаларынан сатып алсаңыз, алаңдамауыңызға болады. Өйткені, олар өздерінің имиджі үшін сапалы туарға ден қояды, әрі импорт әлеміндегі түпнұсқалық өнім өндіретін өндіріс ошақтарынан алады. Әңгіме шағын дәріханаларда. Өз пайдасын алға қоятын кейбір кәсіпкерсымақтар арзанқол тауарды алып, тұтынушыларға қымбатқа сатып жібере алады. Сертификаттарына қарасаңыз түсініксіз. Қысқы маусым бастала салысымен барлығымызға суық тиіп, мұрнымыз пышылдап, суыққа қарсы ұнтақ пен таблеткаларға, сироптарды алуға жүгіреміз. Дәріхана сөрелерінде суыққа қарсы қаншама дәрілерді көреміз? Олардың барлығы сертификатталған ба? Мен осы бір дүниеге көз жеткізу үшін әңгімеміздің барысындағы шағын аптекамыздың біріне кіріп, дәрілердің бірі туралы сұрақ қойдым. Тым ақылды кейіп танытқан сатушымыз мүлде түсініксіз сертификат үлгісін әкеліп көрсетті.  Шынымды айтсам, мұның бәрін тексеруге уақыт болмады және іс жүзінде мұны істеудің ыңғайлы әдісі де қолымда болған жоқ. Бұл үлкен ақша және өндіруші мен сатып алушы арасындағы көптеген делдалдардың ісі екені даусыз. Түпнұсқаның орнына алаяқтық арқылы  ондаған  «қолдар» арқылы тұтынушыға «бір басына жетерлік» жалған ақпарат жетуі мүмкін. Мысалы, сәуір айында Құқық қорғау органдары Үндістаннан әкелінген 300 келіден астам контрабандалық дәрі-дәрмектерді тапты. Бұл нені білдіреді. Әлгі аты шулы пандемиядан кейін барлық тауар айналым саудасы кез келген мемлекет үшін маңызды. Алаяқтарға осы сәт пайдалы. Ылдым-жылдым алып тауар айналымы жақсы жүріп жатса болғаны, оның сапасы олар үшін екінші орында. Шекарадан бері асып ұсталмай жатқан котрабандалық препараттарды айтудың өзі қорқынышты.

Ал, таңбалаудың пайда болуымен дәрі-дәрмектің түпнұсқалығын тексеруге болады, мысалы, дәрілерден бөлек парфюмерияға дейін тексере алатын таңбаларға арналған арнайы сайт ашылатын болады.  Дәрі-дәрмектерді тексеру үшін қазақстандық «Naqty Onim» – қосымшасын пайдалануға болады. Ол арқылы темекіні, аяқ киімді және 2022 жылдың 1 шілдесінен кейін өндірілген кейбір препараттарды қазір тексеруге болады.

Тауарларды таңбалау сертификаттау, бізге уәде етілгендей, тауардың тұтынушыға дейінгі толық жолын бақылауға мүмкіндік береді.

Бірақ мұнда да сапалы жұмыс істеу керек. Кейбір дәрі-дәрмектерге арнайы сақтау шарттарын анықтап жазылуы, мерізімі жайлы ақпаратты анық, қатесіз жазылуы қажет, оны дәріханалар мен жеткізушілер де бұзуы мүмкін. Болашақта дәрі-дәрмектерді сақтау жағдайларын тексеруге мүмкіндік беретін әдісті ойлап табылса дейміз. Оны алдағы уақытта IT — мамандарының еншісіне қалдыра тұруға тура келеді. Әзірше оқырман үшін ең тиімдісі ауырып жүріп ем іздегенше, ауырмайтын жағдай жасаған абзалдырақ дейміз.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button