Аудан аумағындағы өскелең ұрпақ арасындағы нашақорлық тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып отыр, есірткіні қолдану денсаулыққа ауыр зиян келтіріп өлімге дейін алып баруы, ал қылмыстық кодекс баптарының санкциялары есірткі сатумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, тұтынумен байланысты қылмыстар жасағаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Халық денсаулығы басым құндылық бола отырып, қоғамның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуі-тұтастай алғанда мемлекет дамуына және жекелеген адам әлеуетінің кері кету қаупін тудырады. Осыған орай құқық қорғау органдары есірткімен байланысты қылмыспен үнемі күресіп келеді.
Аудан прокуратурасымен жастар арасында кездесулер өткізіліп, халық көп шоғырланатын орындарда «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты акциялары ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараның мақсаты азаматтар оның ішінде жастар арасында нашақорлыққа қатысты қылмыстардың алдын алу және есірткімен денсаулықтарын улаудан аулақ болып, есірткі жарнамаларын көрген немесе есірткіге қатысты қандай да бір мағлұматтар белгілі болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау сұралды. Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың дамуына орай есірткі заттарын интернет-ресурстары арқылы сату-(интернет-дүкендері, Telegramm мен Whats App мессенджерлері) контактісіз (тікелей байланыссыз) түрінде жүзеге асырылатындығын атап өту керек, өйткені ол-есірткіге қатысты фактілерді анықтау мен оның жолын кесуде барынша қиындық туындатады. Мысалы, интернет (ғаламтор) қолданушысы интернет-қосымшалары мен интернет-дүкендері арқылы тауарларға (есірткі құралдарына) тапсырыс беріп, онлайн-әмиянды пайдаланып, төлем жасайды (kiwi-әмиян және т.б.). Төлем жасалғаннан кейін сатушы тауарды белгілі бір жерге орналастырады да сатып алушының мекенжайына жібереді. Бұл сату әдісі- сатушы мен сатып алушы арасындағы визуалды байланысты толығымен жоққа шығарады. Есірткі заттарын таратудың осы түрінің кең таралуы- құқықтық шараларды қабылдауға мәжбүр етеді.
Құрметті аудан тұрғындары! Есірткі сынды зиянды заттарға әуес болмайық. XXI ғасырдың саналы азаматы ретінде ғаламдық дертке жол бермейік. Еліміздің ертеңі – біздің қолымызда!
Іле ауданының прокуратурасы