Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

«ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ МИССИЯ» АЯСЫНДА AVON КОМПАНИЯСЫ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНА 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА ӨНІМДІ СЫЙҒА ТАРТТЫ

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығы БҰҰ-да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күнінен бастап,адам құқықтары күніне дейін «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» өтілді.

Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір үшінші әйел серіктестерінің тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болады. 2022 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанда тұрмыстық зорлық- зомбылықтан 93 әйел қазатапты, ал 2023 жылдың басынан бастап тұрмыстық сипатта кемінде 38 адамның өлім-жітімі тіркелді. Соңғы жағдайлардың көпшілігі жұртшылық арасында кеңінен талқыланып,  қоғамдық белең алды, алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының  біршама ашылмай, кінәлі тұлғалар жазасыз қалды. Құқық қорғау органдары академиясының мәліметтері бойынша, жыл сайын әйелдердің шамамен 70-90%-ы полициядан көмек сұрамайды.

 Avon косметикалық компаниясы зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қарсылықты ұстанады. 2021 жылы Avon Қазақстан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы миссия» бағдарламасын іске қосты. Миссияның негізгі мақсаты—мәселеге қоғамның назарын аудару, осы тақырып бойынша халықтың білімін арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу. Жыл сайын AVON серіктестердің бастамаларына да, өзіс-шараларын ұйымдастыруға да белсенді қатысады. Әлемді Қазақстан әйелдері үшін қауіпсіз етуге көмектесу үшін компания биыл серіктестермен бірлесіп мынадай бастамаларды іске асырды:

  • Қараша айының соңында серіктестеріміз тарапынан мәселе туралы ашық диалогқа бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті, атап айтсақ, Дағдарыс орталықтары одағы мен «БҰҰ-әйелдер» ұйымы Азаматтық Қоғамды Ұйымдастыру (АҚҰ)форумын өткізді, олар Орталық Азиядағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою және әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс істейді;
  • Avon Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағымен бірлесе Алматы қаласында «Сен азап шегуден азат болғанда – көріктісің!» атты фотокөрмесін өткізді. Этно-стильдегі әйелдердің суреті Қазақстанның мәдени мұрасында әйел затының құрметке ие және берік тұлға екенін еске салады. Арт-көрме «Бақытты Отбасы» Әлеуметтік орталығында өтті;
  • Avon Қазақстан компаниясы Алматы, Түркістан және Степногорск қалаларындағы Дағдарыс орталықтарында бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді. Компания қиын жағдайға тап болған әйелдерге олардың жалғыз емес екендігін және өз өмірін бірге бақылауға алып, еуропалық сапалы косметика арқылы қаржылық тәуелсіздік пен өз-өзіне деген сенімділікке ие бола алатындығын көрсеткісі келді;
  • AVON Қазақстан қазақстандық әйелдер дағдарыс орталықтарына құны 10 миллион теңгеден асатын сомаға 1 700 бірліктен астам өнімді қайырымдылық көмегі ретінде тапсырды;
  • Желтоқсан айының соңына дейін еліміздің мектептері мен университеттерінде бастаманы қолдау мақсатында оқушылар арасында байқау өтеді. Негізгі міндет –зорлық-зомбылық және онымен күресу тақырыбында өнер объектісін (ән, сурет, қойылым) ойлап табу. Іс-шараға«БҰҰ-әйелдер» бастамашылық етіп, AVON Қазақстанның қолдауымен жүзеге асырылады.

Компания бірнеше жылдан бері қоғам назарын осы мәселеге аударып, зорлық-зомбылық құрбандарына тікелей қолдау көрсету арқылы Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп келеді. AVON Қазақстаннауқанды өткізу кезеңінде бүкіл елдегі әйелдерге қиын өмірлік жағдайлардан аман-есен өтуге және өзін-өзі қамтамасыз ететін және бақытты болашаққа үміт артуға көмектесті.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірнеше жыл ішінде мынадай бастамалар іске асырылды:

  • бүкіл Қазақстан бойынша дағдарыс орталықтарына, үйден тыс жерде қалуға мәжбүр әйелдер мен балаларға арналған киім-кешек және гигиена өнімдері түріндегі гуманитарлық көмек;
  • әйелдердің табыс табу мүмкіндігі болуы үшін дағдарыс орталықтарында бизнес негіздерін үйрету бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтары;
  • Қазақстан әйелдеріне арналған ағарту науқандары;
  • блогерлер мен БАҚ өкілдерінің назарын осы мәселеге аудару үшін арт-қойылымдар.

Avon тарапынан әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыс кезінде бүкіл әлем бойынша 91 миллион доллардан астам қаражат бөлінді және бұл 15 миллионнан астам әйелге көмектесті.

Avon Қазақстандағы «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына» қол қойған алғашқы компаниялардың бірі қатарында, оның шеңберінде жұмыс орындарында әйелдердің құқықтарына кепілдік беріледі, олар – икемді кесте, декреттік демалыстан кейінгі мансаптық мүмкіндіктер, медициналық тексеруден өту үшін тегін жұмыс күні және тағы басқалар. Осы жобалардың көпшілігі Avon Қазақстан табысты тәжірибесі мысалында енгізілді. Компания бүкіл әлемдегі әйелдерге кәсіби және қаржылық жағынан тәуелсіз болуға мүмкіндік беру мақсатында жайлы шарттармен үздік жұмыс орындарын ұсынуды жалғастыруда.

Avon компаниясы туралы

Avon 137 жылдан астам уақыт бойы сұлулықты басқаша жасап келеді. Біз — өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін сұлулық күшін пайдаланып, адамдарды біріктіретін компаниямыз. Дүние жүзіндегі миллиондаған тәуелсіз сауда өкілдері өздерінің сұлулық саласындағы бизнесін жасай отырып және  толық немесе жартылай жұмыспен қамтуды өз бетінше таңдай отырып, өздерінің әлеуметтік желілері арқылы Avon брендтерін сатып келеді. Avon гендерлік теңдікті қолдайды, және біз әйелдердің қажеттіліктерін тыңдауға, маңызды мәселелер туралы сөйлесуге және оң өзгерістерге қол жеткізуге сенім артамыз. Avon және Avon Foundation арқылы біз гендерлік зорлық-зомбылық пен сүт безі қатерлі ісігімен күресуге баса назар аудара отырып, 1,1 миллиард доллардан астам қайырымдылық жасадық. Толығырақ https://my.kz.avon.com/ біліңіз.

Егер сіз немесе сіз білетін адам кез-келген түрдегі зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүрген болса, «150»  сенім телефонына немесе +7 708 106 08 10 нөмірі бойынша WhatsAppботына хабарласыңыз, сондай-ақ 111-зорлық-зомбылықтан зардап шеккендергеарналған бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына жүгініңіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button