Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулықҚоғам

ҚЫЗЫЛША ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ДА ЖИІ КЕЗДЕСІП ЖАТЫР

Облыс аумағындағы  қызылша  жұқпасына  қатысты эпидемиологиялық жағдай  былтырғы жылдың  кезеңімен  салыстырғанда  тұрақсыз. Оған ауа райының күрт жылып кетуі де өз әсерін тигізуде. 2023 жылдың 11 айында 194 зертханалық расталған жағдай тіркелді. Жұқпаның  таралуын талдау  барысында  басым көбі қызылша ауруына қарсы егілмегендер арасында және егілмеген балалар арасында тіркелгенін көрсетілген. Негізі аудан аумағында   жұқпаның  таралуы  2023 жылдың мамыр айынан  басталды деп отыр мамандар. Біз қызылша жұқпасы туралы ақпаратты Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жанболат Сұлтанбектен сұрап білдік.

 – Жанболат Сұлтанбек, алдымен жұқпалы дер туралы баяндап өтсеңіз?

–  Аталмыш  жұқпа  жайлы қысқаша айтып өтейін.   Қызылша – ауа және  қарым- қатынас  арқылы  тез  таралатын жұқпалы  ауру, әсіресе  әлсіреген, жиі ауыратын, қызылша ауруына  қарсы егілмеген балалар үшін өте ықтималдылығы  жоғары.  Ал қызылшамен ауырғаннан кейінгі асқынулар өте ауыр болуы мүмкін, соның ішінде пневмония, менингит, сонымен қатар миы зақымдалып,  науқас мүгедек болып қалуы  немесе ауыр жағдайларда  леталды шығын болуы  мүмкін. Қазір қызылша жұқпасы жасы үлкендердің де арасында қайта қайталануы жү-ріп жатыр. Кішкентайлармен қатар ересек кісілер жиі ауырып жатқанын ескерткіміз келеді.

– Бұл аурудың алдын алу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

– Біздің байқауымызша барлық тіркелген жағдайларда «Профилактикалық егу жүргізілетін жұқпалы аурулары бар науқастарға қатысты санитарлық, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы  №ҚРДСМ-13» бұйрығына сәйкес   үй шаруашылықтарында және ұйымдасқан мекемелерде мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде санитарлық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде. Эпидемиологиялық тексеру кезінде қарым-қатынаста  болған адамдар анықталып,  вакцинация мәртебесі белгіленеді; диагнозды зертханалық зерттеумен расталуы  қажет етеді; медицина қызметкерлері науқаспен қатынаста   болған адамдарды 21 күн бойы күнделікті медициналық бақылауға алады ; Аурудың басқа да күдікті жағдайларына қатысты белсенді  зерделеу  жұмыстары жүргізіледі.

– Аудан көлемінде қанша жағдай тіркелді? Екпе егу жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?

 –  Бүгінгі күнге  дейін эпидемиологиялық  зерделеу   барысында  қарым-қатынаста  болған   2610 адам  анықталды, оның ішінде 336-сы қызылшаға қарсы егілуге жатады, 161 адам, яғни, 47,9 пайызы қызылшаға қарсы егілген.  Қызылша ауруымен ауырмау және ауыр зардаптар мен асқынулардың алдын алу, сондай-ақ дені сау жақын адамдар мен туыстарға, әсіресе балаларға инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қызылшаға қарсы екпе алу қажет. Ал бүгінгі таңдақызылшаға қарсы салынып жатқан «КПК» — вакцинасы — бұл инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі. Осыған байланысты, 2023 жылғы 28 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01 қарашадағы № 7 қаулысы негізінде (бұдан әрі – ҚЖИ) басталды. 2023 жылы «Қызылшаға қарсы санитарлық, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы»  елімізде қызылшаға қарсы қосымша жаппай кешенді  иммундау жұмыстары  жүргізілуде.

 – Мектеп жасындағы балаларға екпе жүргізу тәртібі қандай?

– Ата-аналар мен балаларды  медициналық тексеруден өткізе отырып, келісім қағазын алғаннан кейін вакцинацияға рұқсат береді. Аудан аумағында   74 белгіленген  орындарда  белсенді түрде қызылшаға қарсы егу жұмыстары   жүргізілуде.  Қосымша  жаппай иммундау деректері бойынша, 28 қарашадан бастап,  бастап 26 желтоқсан аралығын қоса алғанда, 11 212 адам «ККП»  вакцинасымен егілді, облыс бойынша қамту үлесі 18 716 адамның жалпы санының 59,9 пайызды құрады. Оның ішінд 891 балаға екпе жасалып, облыстық қамту көрсеткіші 56,6% құрап, Іле ауданы қосымша жаппай иммундау енгізу бойынша 4 орынға шықты. Іле аудандық  санитарлық эпидемиялогиялық басқармасы  тарапынан  қосымша жаппай иммундау жұмыстары қадағалануда. Атқарылған іс-шаралар және  атқарылатын жұмыстар нәтижесінде алдағы  уақытта  еліміз және аудан  аумағында қызылша жұқпасы  бойынша   эпидемиологиялық  жағдай  тұрақталады  деген сенімдеміз.

– Әңгімеңізге рақмет.

 

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button