Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДін және қоғамҚоғамСақ болыңыз!

«Крещение Господне» мейрамында шомылу ережелері

Дәстүр бойынша 19 қантар күні православиелік шеркеуінің «Крещение Господня» діни мейрамы атап өтіліп, көптеген адам мұзды суға шомылып шығуға ұмтылады. Аталмыш мейрам жыл сайын бұқаралық сипат алуда. Қауіпсіз шомылу үшін келесі Ережелер есте сақтауларыңызға ұсынылады:

  • суға толық кіріп-шығу (шомылу) жағалауға жақын арнайы жабдықталған, мүмкіндігінше суда құтқару бекеттері маңында құтқарушылардың бақылауымен болғаны дұрыс;
  • осындай ойықтарды Крещение мерекесі қарсаңында үлкен қалаларда өзендерде арнайы жабдықтайды. Осындай орындардың орналасуы жөнінде тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
  • ойылған мұзда шомылар алдында денені қыздырып, қимылдатып, шамалап жүгіру қажет;
  • аяқтың сезімталдығын жоғалтып алмау үшін ойылған мұзға оңтайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ-киіммен бару қажет. Ең жақсысы аяққа бәтіңке немесе жүнді шұлық киіп барған дұрыс. Аяғыңызға арнайы резеңке тәпішке кисеңіз олар аяғыңызды үшкір тастар мен қатып қалған тұздардан қорғап, сіздің тайғанауыңызға жол бермейді. Ойылған мұзға бара жатып, оның тайғанақ екендігін есте сақтаңыз. Баяу және өте сақ болып жүріңіз;
  • суға түсетін сатының тұрақты қойылғандығына көз жеткізіңіз. Тым болмаса, шомылушылар судан шығулары үшін ойылған мұз ішіне түйілген мықты арқанның басын сақтандыру үшін тастау қажет. Арқанның келесі ұшы жағалауға мықтап байлануы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button