Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДін және қоғамҚоғамМерекелерЭнергетический ауылдық округі

ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫНЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ӨТУДЕ

Еліміздегі православ христиандары дініндегі халықтар үшін ең ұлық мереке 7 қаңтар – Рождество мерекесі өтуде. Осыған орай, Іленің православ христиандары Өтеген батыр ауылындағы шіркеуге жиналып, мерекелік литургия тыңдайды.

Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы аталмыш мерекені тойлап келеді. Батыс елдері бұл датаны отбасылық мереке деп есептейді. Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Сиқырға толы бұл түні барша христиандықтар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды. Әдетте 40 күндік оразадан кейін 7 қаңтарға ауған кештен бастап мол дастарқан жайылып, оның соңы арнайы құлшылыққа 40 күндік оразадан кейін бүгін барлығы Иса пайғамбардың туған күнін атап өтеді.

18-19 қаңтарда православ хритиандары дініндегілер үшін шомылу рәсімі қысқы мерекелердің үлкен циклін аяқтайды. Православие шіркеуінде ол терең рухани мағына беретін Інжілде айтылған 12 ұлы оқиғаның бірі ретінде атап өтіледі. Шомылдыру рәсімінің,  дінді ұстанатындар үшін  маңызы зор.

Шомылу рәсімі дегеніміз не? Мереке атауы грек тілінен аударғанда: «қасиетті суға батыру» дегенді білдіреді. Бұл процестің символдық мәні бар. Дене сумен тазартылғандықтан, тәубеге келген жан күнәлардан тазартылады деп сенеді.

Бізге мерекенің маңызы туралы Өтеген батыр ауылындағы шіркеу қызметкері Вячеслав Сидоровский әкей түсіндіріп айтып берді: — Православие христиандары үшін Иеміздің шомылдыру рәсімінің өтуі терең мағынаға ие: бұл күні Иса өзін әлемге Мәсіх ретінде көрсетті деп есептейді. Исаның шомылдыру рәсімінен өткен сәтінде қасиетті Інжілдегі үшбірліктің ұлы құпиясы ашылды: Көгершін кейпіндегі Киелі Рухтың Құдайы ұлы Құдайға түсіп, әке Құдайдың дауысы естілді деп айтылады. Мерекенің негізінде Исаның шомылдыру рәсімін қабылдағаны туралы інжілде айтылған  дәстүр бойынша үзілмей өтіліп келеді – деді.

30 жасында ол Иордан өзеніне адамдарды сумен шомылдыру рәсімінен өткізген. Шомылдыру рәсімінен өту дәстүрлері осы күнге дейін қатаң сақталған. Барлық рәсімдер негізі, Інжіл тарихымен байланысты.

Анатолий әкейдің  айтуынша, шомылдыру рәсімінен өткен су үйге әкелінеді, бәрі оны қасиетті деп ішеді, содан кейін бүкіл үйге, аулаға және мүлікке су себеді.,Оол алдағы уақытта  қиыншылықтар мен бүлінулерден сақтайды деп сенеді. Шомылдыру рәсімінен өткен қасиетті су келесі мерекеге дейін бір жыл сақталады, ал ол бұзылмайды. Шомылдыру рәсімінен өту қарсаңында барлық су айдындарындағы судың ерекше күшке ие болатынын айтты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мұраты тоғысқан 1 ұлт, ол – қазақ, 100-ден астам этнос өкілі құрайтын   20-ға жуық конфессия өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл – толерантты мемлекет екенімізді айғақтайтын бірден-бір көрсеткіш. Ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылық – Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі болып қала бермек.

Ескерту: православ хритиндары мерекесіне орай шомылу рәсімі Өтеген батыр ауылындағы шіркеуде барлық санитарлық талаптарға сай өткізеді.

Б. ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button