Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қаңтар күні, сағат 11-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе — Іле аудандық маслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудандық депутаттық фракция жетекшісі А.Сатибаев таныстырды.Ол өз сөзінде 2024 жылы атқарылатын жұмыстар, Партияның сайлауалды бағдарламасының «Жол картасының» орындалуын бақылау, депутаттық қабылдаулар, зерделеу жұмыстары т.б. шаралар бойынша мақсат-міндеттерді айтып, жұмыстар сараланды. Дауыс беру нәтижесінде аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2024 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Күн тәртібінде мәселені тақылай келе, Іле аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы шешім қабылдап, оның орындалуы бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button