«Жол картасының» орындалуы қатаң бақылауда
Іле ауданында Алматы облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сембаев Аманкелді Тлеубердіұлы, Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «AMANAT» партиясының 2023-2027 жж. арналған сайлауалды бағдарламасы аясында «Жол картасының» орындалуы мақсатында орындалмай қалу қаупі бар нысандар бойынша зерделеу рейдін ұйымдастырды. Тексеру барысында «AMANAT» партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырудың Жол картасы шеңберінде салынған Алматы облысының Іле ауданы Екпінді ауылындағы №2 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысымен танысты. Кездесуде А.Сембаев қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты. Сонымен қатар нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасы уәкілетті органдардың қатаң қадағалауында болуы тиіс екенін де атап өтті.
Өз кезегінде құрылыс компаниясының өкілі Тимур Ермакович қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 75%-ға аяқталғанын, күрделі жөндеуге жоба бойынша төмендегі жұмыстар кіреді: сыртқы қабырғаларды сылау; сейсмикалық қатайту; ішкі әрлеу жұмыстары және едендерді жөндеу; есік-терезелерді бұзу және жаңасын орнату; вентиляция, дәретхана, кәріз, жылыту жүйелерін бұзу, орнату, электр, өртке қарсы жүйелерін жөндеу, бейнебақылау, интернет, телефон жүйесін жөндеу, мектеп аумағын қоршау, көгалдандыру, көркейту жұмыстары кіреді. Анықталған мәселелер бойынша жергілікті әкімдік, құрылыс компаниялары өкілдеріне ескертіліп, орындалуы бақылауға алынды. Біздің мақсат – барлық проблемаларды тікелей естіп, олардың шешу жолдарын ойластыру. Әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жасайтын боламыз. Кездесу аясында айтылған және олардың шешу жолдары бақылауға алынатын болады», – деді.