Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДенсаулықҚоғамСақ болыңыз!

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ҚАУПІ ЗОР

25 қаңтар күні Іле аудандық орталық ауруханасында «Адам папиломмасы вирусының» алдын алу бойынша ашық есік күні өтті. Аудан көлемінде 2022 және 2023 жылдарды салыстырар болсақ, 2022 жылы 28 адам, былтыр 18 адам аталған дертпен тіркелген. Бұл дерттің жасара бастағанын ескерсек, дабыл қағатындай дәрежеге жетіп отыр. Осы мәселе бойынша ашық есік күні орталық аурухананың әйелдер бөлімінің білікті мамандары Орал Еділұлы мен  онколог дәрігер Утеттилиев Серік Маратұлынан сұхбат алған едік.

–  Орал Еділұлы, қазір аудан бойынша  жатыр мойыны диагнозын анықтау көрсеткіші қандай дәрежеде?

– Жатыр обыры қазір жалғыз бізде емес, бүкіл  Република, тіпті әлем бойынша да жастарда көбейіп келеді. Бұрындары отыз жаста, жиырма бес жаста аталған ауру кезеседі дегенді естісек, таңғалатынбыз. Ал қазір  науқастар сабында одан да жас буынның қатары бой көрсетіп тұр.

– Оның себебі неде?

– Себебі, бұрындары технологияның кенжелеуінен бе, кеш анықтайтынбыз. Соңғы кездері «Адам паппиломасы вирусы» деген жасарып бара жатыр. Бұрындары 45-50 жасты қамтыса, қазір 30-35 жастан анықталып отыр. Дерттің 16 типі кездессе, жатыр мойын обыры туындайды, егер 18 вирус типі болса, сол обырдың асқынған түріне түрленеді. Қазір барлық жерде вакцина егу шаралары жүргізіліп жатыр. Әлемде бұрыннан келе жатқан бұл  үдеріс,  елімізде де бірте-бірте аяқ басып келеді. Әлемдік стандарт бойынша қыз бала 11 жасқа толғанда вакцина егіліп 6 айдан кейін  екінші трет салынады, 6 жылдан кейін тағы бір алынады. Вакцинаны алған әйел адамының иммунитеті обырға төтеп беруге қауқарлы болады.

– Ал бұл вирус қалай пайда болады?

Сұрағыңыз орынды.– Ол ерте жыныстық қатынастан пайда болады. Ерте жыныстық қатынасқа түсекен қыз, сосын тасымалдау адамнан жұқтыртады. Ал былай туа бітіп туындамайды.

– Ауруға шалдыққан адамда алғашқы белгілер  бола ма ? Ауру өзі туралы қалай хабар береді?

– Ең қауптісі оның алғашқы белгілері болмайды. Ауру пайда болып, асқынған кезде ғана адам өзі сезе бастайды. Ал біздің ауруханда скринигтен өту кезінде төрт жылда бір рет  тексеріледі. Сараптама қорытындысына сәкес, науқасты емдеу жұмыстарын жүргіземіз.

– Бұл ауру өлімге алып келуі мүмкін бе?

– Ол асқынып кетсе, өлімге алып келеді. Бірақ, емдеуге болады. Алдын ала диагностиалық шараларын жасап, оны анықтаса, емдеуге болады.

– Серік Маратович, дерттің асқынуының себебі неде?

– Басты мәселе – науқастардың тексеріске дер кезінде келмеуінде. Дәрігерлер тексеріске шақырады, бірақ науқастар алуан себеппен оны өткізіп алады. Осының әсерінен ауру асқынып, салдары обаның туындау жиілігіне әкеп соқтырады. Аурудың алдын алу үшін әйел адам 30 жастан асқаннан кейін кемінде бір рет профилактикалық тексерістертен өтуі қажет. Алайда, дерттің алдын алу үшін көп жағдайда науқас тарапынан осы іспетті  әрекетсіздік байқалады. Өз мекенінде сақтандырудың болмауына байланысты  тексерістен өте алмай жүретіндер де жоқ емес.

– Ауру асқынған кезде ауырсыну  сезімі бола ма?

– Ісік болғаннан кейін көбіне іріңді, қанды бөліністің болу ықтималдығы бар, бірақ ауырсыну сезімі болмауы мүмкін.

– Дерттің салдары қандай?

– Онкологиялық аурумен ауырғанда, адамның бойына зиянды токсиндер қан арқылы тарайды. Ол адамның жағдайын нашарлатады. Дерт асқына берсе, жатыр мойнынан бастап, жатыр денесіне дейін, кейін жатыр түтікшелеріне жетіп, әрмен қарай басқа ағзаларға таралуы мүмкін. Ал ол ауру қай кезде бой көрсетерін айту қиын. Дер кезінде алынбаған емнің салдарынан науқастың өміріне қауіп төнуі әбден мүмкін.

– Соңғы онжылдықпен салыстырғанда дерт қатары жиіледі ме, әлде сиреді ме?

–  Соңғы он-он бес жыл аралығында дерт жұқтырғандар қатары жиіледі. Алайда, бір жағынан, жиілеу себебі дертті алдын ала анықтап жатқанымыздан ба деп ойлаймын. Бұрынғы кездері заманауи технологиялар болған жоқ. Соның есебінен білмеген де шығармыз. Ал қазір лабороториялық диагностика, КТ, МРТ сынды заманауи  технология дамуының арқасында көп ауруды анықтап отырмыз. Сондықтан, ауру қатары да көбейген болар.

– Сұхбаттарыңызға рақмет!

Басқа жаңалықтар

Back to top button